1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi қайта ұйымдастырылған Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi мен Жекешелендiру жөнiндегi департаменттiң, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының мүлiктiк және өзге де құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi мен оның аумақтық органдарын статистикалық және талдау ақпараттарымен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiне кiргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi туралы ЕРЕЖЕ МИССИЯСЫ
Мемлекеттiк меншiктi, оны жекешелендiрудi тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық өсуге ықпал жасау.
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi /бұдан әрi - Департамент/ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншікке иелiк ету, пайдалану, билiк жасау және оның мақсатқа сай әрі тиімді пайдаланылуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiлiктi жүзеге асыратын және мемлекеттiк мүлiктi бiрден бiр сатушы ретiнде оның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.11.06. N 1135 қаулысымен.
P981135_
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Премьер- Министрiнiң өкiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі, штат санын - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бекітілген құрылымы, адам саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шеңберінде штат кестесін Департамент директоры бекітеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.11.06. N 1135 қаулысымен. P981135_ 5. Департаменттiң облыстарды, Алматы және Байқоңыр қалаларында өзiнiң аумақтық органдары болады. Аумақтық органдар департаментпен бiрге тiкелей бағыныстағы бiрыңғай жүйенi құрайды және өз қызметiн өздерiне Департамент жүктеген өкiлеттiктердiң шегiнде ұйымдастырады. 6. Департамент пен оның аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi, банктерде ағымдағы шоттары болады. II. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ 7. Департаменттiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының меншiгiне және жекешелендiруге қатысты мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және оны жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде меншiк және оның мүлiктiк құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк мүдделерiн бiлдiру;
мемлекеттiк меншiктiң мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; <*>
мемлекеттiк меншiктi жалдау, жалға алу, концессиялау, сенiмдi басқару, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
шаруашылық серiктестiктерiнiң мемлекеттiк үлестерiн, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқару, олардың басқару органдарында мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен шаруашылық серiктестiктерiне қатысу үлесiн сатуды ұйымдастыру;
жүргізілген тексерістер мен тексерулердің материалдарын қорытудың негізінде мемлекеттік меншікті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
мемлекеттiк меншiк пен оны жекешелендiрудi басқару туралы заңдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, оны қолданудың практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға қатысу;
министрлiктердiң, комитеттердiң және ведомстволардың мемлекеттiк меншiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi қызметiн салааралық үйлестiру;
жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi қызметiн ұйымдастыру;
халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оларға қол қою;
халықаралық ұйымдармен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
белгiленген тәртiппен өз қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді және 8 абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нің
1998.11.06. N 1135 қаулысымен. P981135_
8. Департамент негiзгi мiндеттерiне сүйене отырып:
Қазақстан Республикасының меншiгi және жекешелендiру қатынастарын реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар жасауға қатысады;
мемлекеттiк меншiктiң мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; <*>
мемлекеттiк мекемелер не мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, оларды қайта ұйымдастыру, тарату, оңалту рәсiмдерiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатуға немесе кепiлге, жалға, жалдап алуға, сенiмдi басқаруға беруге арналған келiсiм-шарттарға /шарттарға, келiсiмдерге/ қол қою туралы шешiмдер қабылдау жолымен мемлекеттiк мүлiкке иелiк ету, пайдалану және билiк жасау жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асырады;
белгiленген тәртiппен мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң бағдарламасын әзiрлейдi және жүзеге асырады;
ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде құрылысы аяқталмаған объектiлердi де жекешелендiру кезiнде заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерiн жердi пайдалану не жалға алу құқығымен ұсынуға не беруге байланысты мәселелердi шешуге қатысады;
"алтын акцияны" енгiзу туралы шешiм қабылдайды;
шаруашылық серiктестiктерiнiң мемлекеттiк үлестерi мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен мемлекеттiң қатысу үлесi бар акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң борыштық мiндеттемелерi мен облигацияларының эмиссияларын сату туралы шешiм қабылдайды;
мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiнiң ұстаушысы болып табылады;
шаруашылық серiктестiктерiндегі мемлекеттiк үлеске және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне кіріс пен дивидендтердің дұрыс есептелуiн, олардың бюджетке уақтылы және толық аударылуын бақылайды; <*>
мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң нақты түрлерi мен әдiстерiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатуды ұйымдастырады және оған байланысты барлық шараларды жүргiзедi;
жекешелендiрiлген кәсiпорындарды сату алдында дайындауды жүргiзедi, осы мақсат үшiн тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тартады, аталған шаралар бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізіліміне енгізілген мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметіне белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде тексерістер мен тексерулерді жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Бас Прокуратурасының, соттардың тиісті актілері бойынша, мемлекеттік органдардың өтініштері, азаматтардың хаттары мен арыздары бойынша ұйымдарға тексерістер мен тексерулер жүргізеді; <*>
заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың қаржы- шаруашылық қызметіне бекітілген жоспарға сәйкес тексерістер мен тексерулер жүргізеді; <*>
инвестициялық жекешелендiру қорларын - бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды трансформациялауға құнын бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
қажет болған жағдайда Департамент қызметiне байланысты жұмыстарды жүргiзуге қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды, аудиторларды және консультанттарды тартады;
заңдардың қолданылуына талдау жүргiзедi және оның практикасын қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелердi реттейтiн заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға қатысады;
өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
министрлiктердiң, комитеттердiң және ведомстволардың мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi қызметтерiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
халықаралық ұйымдармен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оларға қол қояды;
Қазақстан Республикасының аумақтары мен одан тысқары жерлерде меншiк мәселелерi жөнiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiрудi және оның мүлiктiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен өз қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.11.06.
N 1135 қаулысымен. P981135_
9. Департаменттiң өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн өз құзыретiнiң шегiнде:
атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң бағдарламасын әзiрлеуге және оны жүзеге асыруға;
заңдарда белгіленген тәртіппен ұйымдардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге; <*>
шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк меншiктi, оның iшiнде шаруашылық серiктестiктердегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және оның қатысу үлестерiн сату жөнiнде сауда саттықтар жүргiзуге;
белгiленген тәртiппен мемлекеттiң қатысу үлесi бар акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң борыштық мiндеттемелерiн, сондай-ақ акцияларының, облигацияларының және өзге де бағалы қағаздарының эмиссияларын сатуға рұқсат беруге;
банкроттықты болдырмау жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiң қатысуымен шаруашылық серiктестiктер мен акционерлiк қоғамдарды санациялау және қайта құрылымдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысуға;
заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға және оңалту рәсiмдерiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшінде шаруашылық серiктестiктерiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен қатысу үлестерiн сату немесе кепiлге беру, жалға тапсыру, концессиясы, лизингi, сырттан және сенiмдi басқаруға беру кезiнде өзара мiндеттемелердiң талаптары мен сипатын айқындауға және олардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
заңдарда белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыруға;
Үкiметке акционерлік қоғамдар шаруашылық серiктестiктерi мен өзге де ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныс енгiзуге; <*>
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiктi сатудан алынған қаражаттың бiр бөлiгiн жекешелендiрiлетiн объектiлердi сату алдында дайындауға арналған шығыстарды қаржыландыру, аукциондар, тендерлер, конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, жекешелендiру кезiнде бақылау жасауды, қайта ұйымдастыруды, санацияны жүргiзу, шарттық негiзде сарапшылар мен консультанттар ретiнде заңды және жеке тұлғаларды тарту үшiн пайдалануға;
мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi органдарының қарауына олардың басшыларының кандидатурасын енгiзуге; <*>
министрлiктердiң, комитеттердiң және ведомстволардың мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi қызметтерiне әдiстемелiк басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардан ақысыз негiзде қажеттi қаржы және өзге де құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктi пайдалануға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға және алуға;
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тиісті бухгалтерлік және өзге де қаржы құжаттамаларын және материалдық құндылықтардың бар-жоғын тексеруге, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа қызметкерлерінен тексерістер мен тексерулер жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсініктеме алуға; <*>
анықталған тәртіп бұзушылықты жою, келтірілген зиянды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауға; <*>
анықталған тәртіп бұзушылық, мемлекеттік меншікті ұрлау және өзге де тәртіп бұзушылық фактілері бойынша материалдарды тергеу органдарына жіберуге; <*>
мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінде жүргізіліп отырған тексерістер мен тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын келісім бойынша тартуға. <*>
Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңдардың атқарылуына бақылау және тексеру жасауды жүзеге асыруға;
консалтингтiк қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн қазақстандық
және шетелдiк заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға; Департамент қызметiнiң аясына жататын проблемалар бойынша ғылыми зерттеулердi жүзеге асыруға және үйлестiруге; аумақтық органдар туралы ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтуге құқығы бар. ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.11.06. N 1135 қаулысымен. P981135_ 10. Департаменттiң мемлекеттiк меншiкке иелiк ету, пайдалану және билiк жасау жөнiндегi қатынасты реттейтiн, өзiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылданған актiлерi белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқару органдардың атқаруы үшiн мiндеттi болып табылады. III. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
11. Департаменттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директор басқарады. Департаменттiң директорының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары болады.
12. Департамент туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
13. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады әрi Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
14. Департаменттiң өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер жөнiндегi шешiмi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi.
15. Департамент қабылдаған шешiм Директор қол қоятын қаулылармен және бұйрықтармен ресiмделедi.
16. Директор болмаған уақытта оны Департаменттiң қызметiн үйлестiретiн, өзiне Директор жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асыратын орынбасарлардың бiреуi алмастырады.
17. Департаменттiң аумақтық органдарының басшыларын Департамент директорының ұсынуы бойынша және тиiстi облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
18. Директор осы мақсатта:
өзiнiң орынбасарлары мен Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылығы дәрежесiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департаменттiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде Департаменттiң орталық аппараты мен аумақтық органдары қызметкерлерiнiң атқаруы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
19. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.