1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қоса беріліп отырған құрылымы бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751 P971751_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53 487-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы ережеде:
1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мүлкіне" деген сөздер "мемлекеттік меншікке" деген сөздермен, "пайдалану және билік жасау" деген сөздер "пайдалану, билік жасау және оның мақсатқа сай әрі тиімді пайдалануына бақылау жасау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі, штат санын - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бекітілген құрылымы, адам саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шеңберінде штат кестесін Департамент директоры бекітеді";
3) 7-тармақта:
төртінші абзацтағы "мемлекеттік республикалық меншіктің пайдаланылуын" деген сөздер "мемлекеттік меншіктің мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"жүргізілген тексерістер мен тексерулердің материалдарын қорытудың негізінде мемлекеттік меншікті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу";
4)8-тармақта:
үшінші абзацтағы "мемлекеттік республикалық меншіктің пайдаланылуына" деген сөздер "мемлекеттік меншіктің мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлеске және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне кіріс пен дивидендтердің дұрыс есептелуін, олардың бюджетке уақытылы және толық аударылуын бақылайды";
мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізіліміне енгізілген мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметіне белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде тексерістер мен тексерулерді жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Бас Прокуратурасының, соттардың тиісті актілері бойынша, мемлекеттік органдардың өтініштері, азаматтардың хаттары мен арыздары бойынша ұйымдарға тексерістер мен тексерулер жүргізеді;
заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың қаржы- шаруашылық қызметіне бекітілген жоспарға сәйкес тексерістер мен тексерулер жүргізеді;
5)9-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңдарда белгіленген тәртіппен ұйымдардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге;
оныншы абзац "Үкіметке" деген сөзден кейін "акционерлік қоғамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзацтағы "мемлекеттің қатысу үлесі бар шаруашылық серіктестіктері басқару" деген сөздер "мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктері" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бесінші-он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тиісті бухгалтерлік және өзге де қаржы құжаттамаларын және материалдық құндылықтардың бар-жоғын тексеруге, сондай- ақ олардың басшылары мен басқа қызметкерлерінен тексерістер мен тексерулер жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсініктеме алуға;
анықталған тәртіп бұзушылықты жою, келтірілген зиянды өндіріп алу
жөнінде шаралар қабылдауға; анықталған тәртіп бұзушылық, мемлекеттік меншікті ұрлау және өзге де тәртіп бұзушылық фактілері бойынша материалдарды тергеу органдарына жіберуге; мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінде жүргізіліп отырған тексерістер мен тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын келісім бойынша тартуға". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1135 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Ұлттық компаниялар және жеке жобалар басқармасы Мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдар басқармасы Акциялардың мемлекеттік пакетін сату және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігінің мониторингі басқармасы Бақылау-тексеріс басқармасы Әлеуметтік сала объектілері және жылжымайтын мүлік басқармасы Мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік меншік басқармасы Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасы Ақша қаражатын бақылау және бөлу бөлімі Ведомстволық құжаттама дайындау бөлімі