Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Мәжiлiсiне
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария
Федералдық Кеңесiнiң арасындағы инвестицияларды
ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiмдi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСIНДIРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесiнiң арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiмге 1994 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында қол қойылды.
Қазақстан Республикасының атынан Келiсiмге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Ә.Қажыгелдин қол қойды.
Бұл Келiсiмнiң мақсаты инвестицияларға қолайлы жағдай туғызу жолымен Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады. Келiсiмде инвестицияларға қатысты мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiктер көзделген.
12-бапқа сәйкес екi Үкiмет халықаралық келiсiмдердiң күшiне енуiне қатысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдарында көзделген құқықтық рәсiмдердi орындағаны туралы ноталар алмасқан күнi осы Келiсiмнiң күшiне енетiн күнi болып табылады.
Заңды қабылдауға байланысты қосымша қаржы шығындары талап етiлмейдi.
Айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
Сiздердiң қарауларыңызға "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Швейцария Федералдық Кеңесiнiң арасындағы инвестицияларды ынталандыру
және өзара қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасын ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария
Федералдық Кеңесi арасындағы инвестицияларды
ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiмдi
бекiту туралы
1994 жылғы 12 мамырда Алматыда қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы
инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiм
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария
Федералдық Кеңесi арасындағы инвестицияларды
ынталандыру және өзара қорғау туралы
КЕЛIСIМ
КIРIСПЕ
Төменде "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi,
Мемлекеттердiң екеуiнiң де өзара мүдделерiнде экономикалық
ынтымақтастықты кеңейту ниетiмен,
бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының басқа Уағдаласушы
Тараптың аумағында күрделi қаржы салуын жүзеге асыру үшiн қолайлы
жағдайлар жасауға және одан әрi қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау Мемлекеттердiң
екеуiнiң де экономикалық гүлденуiне жағдай жасайтынын мойындап,
төмендегi мәселелер туралы келiстi:
1-бап
Айқындамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
1. "Инвестор" терминi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына
қатысты қолданылғанда:
а) Уағдаласушы Тараптың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оның
азаматы болып табылатын жеке адамды;
б) заңды тұлғаны, соның iшiнде Уағдаласушы Тараптың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес құрылған немесе ұйымдастырылған және нақ сол Уағдаласушы Тараптың аумағында өзiнiң тұрақты болатын және кәсiпкерлiк қызметтi нақты жүргiзетiн орны бар компанияларды, корпорацияларды, кәсiпкерлiк бiрлестiктердi және басқа да ұйымдық құрылымдарды;
в) кез-келген елдiң заңдарына сәйкес құрылған, осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында өзiнiң тұрақты болатын және кәсiпкерлiк қызметтi нақты жүргiзетiн орны бар Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматтары, болмаса заңды тұлғалары тiкелей немесе жанама түрде бақылап отырған заңды тұлғаны бiлдiредi.
2. "Инвестициялар" терминi мүлiктiк игiлiктердiң барлық түрлерiн бiлдiредi және, атап айтқанда:
а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi және сервитут, кепiлге салу, меншiктi иеленудi шектеу құқығы, кепiл секiлдi басқа да мүлiктiк құқықтарды;
б) акцияларды, пайларды немесе кәсiпорындарға қатысудың кез-келген өзге нысандарын;
в) ақшалай борыш мiндеттемелерiн немесе пайдаға қатысу құқықтарын;
г) парасат объектiлерiне (соның iшiнде авторлық құқықпен қорғалатын объектiлерге, патенттерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларға, шыққан орындарын көрсетуге), технологияларға, "ноу-хауға" және гудвилге берiлген құқықтарды;
д) мемлекеттiк концессияларды, соның iшiнде табиғи ресурстарды барлауға, өндiруге және пайдалануға арналған концессияларды, сондай-ақ заң шығарушы органдардың шешiмi бойынша, келiсiм шарт бойынша немесе атқарушы өкiмет органының заңға сәйкес қабылданған шешiмi бойынша алынған кез-келген басқа да құқықтарды қамтиды.
3. "Аумақ" терминi Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң аумағын бiлдiредi және тиiстi Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес оларда өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын жағалаулық суларды қамтиды.
2-бап
Инвестицияларды ынталандыру және қорғау
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына өзiнiң мүмкiндiгiне қарай жәрдемдесiп отырады және өз заңдарының шеңберiнде мұндай инвестицияларға қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Белгiлi бiр күрделi қаржы салымына рұқсат бере отырып, Уағдаласушы Тарап осы рұқсат беру жағдайы үшiн қажет болғанның бәрiн және техникалық, коммерциялық және басқарушылық көмек беру жөнiндегi лицензиялық келiсiмдер мен шарттарды орындау жөнiнде талап етiлетiн келiсiп алуларды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Қажет болған әрбiр ретте әрбiр Уағдаласушы Тарап шетелдiк азаматтардың iшiнен консультанттардың немесе басқа да бiлiктi мамандардың қызметiн жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн тиiстi рұқсаттар мен тапсырмалар берiп отырады.
3-бап
Инвестицияларды қорғау және олардың
құқықтық жағдайы
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында оның заңдары мен ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларды қорғап отырады және ақылға қонбайтын немесе кемсiтетiн шаралар қолдану арқылы мұндай инвестицияларды басқаруға, иеленуге, жүргiзуге, пайдалануға, кеңейтуге, сатуға және, егер жағдай солай болса, таратуға кесел болмайды. Атап айтқанда әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмнiң 2-бабының (2) парасында көрсетiлген қажеттi рұқсаттар мен келiсiмдер бередi.
2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделi қаржы салымдарына қатысты өз аумағында әдiлеттi де тең жағдайларды қамтамасыз етедi. Бұл жағдай Уағдаласушы Тарап өз аумағында өзiнiң төл инвесторларының инвестицияларына жасайтын жағдайға қарағанда қолайсыздау болмауға тиiс. Егер неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалған елдiң инвесторларына жасалып отырған жағдай одан да қолайлы болса, онда басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына жасалатын жағдай аталған жағдайдан қолайсыздау болмауға тиiс.
3. Неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау бiр Уағдаласушы Тарапты басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына мыналар бойынша:
а) Уағдаласушы Тарап мүшесi болып табылатын немесе болуы мүмкiн кедендiк яки экономикалық одақтың немесе осындай аумақтық бiрлестiктiң ережелерi бойынша еркiн сауда туралы қолданылып жүрген немесе болашақ келiсiм;
б) қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық келiсiм бойынша жасалатын жағдайдан, преференциялардан немесе жеңiлдiктерден туындайтын артықшылықтарды беруге мiндеттейтiндей болып түсiнiлмеуi тиiс.
4-бап
Төлемдердiң еркiн аударылуы
Аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделi қаржы салымдары жүзеге асырылатын әрбiр Уағдаласушы Тарап мұндай инвесторларға:
а) проценттердi, дивидендтердi, пайданы және ағымдағы табыстарды;
б) кредиттердi өтеу есебiне аударылатын сомаларды;
в) инвестицияларды басқару жөнiндегi шығындарды төлеуге арналған сомаларды;
г) роялтидi және осы Келiсiмнiң 1-бабының (2) парасының (в), (г) және (д) тармақтарында көрсетiлген мүлiктiк құқықтарға байланысты басқа да төлемдердi;
д) инвестицияларды қолдау немесе дамыту үшiн қажеттi қосымша күрделi қаржы салымдарын;
е) инвестицияларды сатудан, iшiнара немесе толық таратудан, соның iшiнде құнның ықтимал өсiмiнен алынатын табысты қоса, осы инвестицияларға байланысты төлемдердi еркiн аудару құқығын бередi.
5-бап
Залалды өтеу
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделi қаржы салымдарын тiкелей немесе жанама түрде экспроприациялауға немесе национализациялауға бағытталған шаралар, сонымен бiрге нақ осындай сипаттағы немесе түпкiлiктi нәтижедегi өзге де шаралар қолданбауға мiндеттенедi. Заңдарды сақтай отырып және нақты әрi тиiстi өтем жасау жағдайында қоғамның мүдделерiн сақтау үшiн қолға алынатын және, осындай жағдайда, барлығына бiрдей негiздерде жүзеге асырылатын шаралар бұған қосылмайды. Өтем сомасы инвестициялар пайда болған елдiң валютасымен айқындалуы тиiс және алушының тұрып жатқан жерiне немесе тұрақты мекенiне қарамастан оған құқығы бар адамға мезгiлiнде төленуi тиiс.
2. Соғыстың, басқалай қарулы жанжалдың, төтенше жағдайдың,
азаматтық қақтығыстардың немесе өзге де осындай жағдайлардың
салдарынан басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестицияларына
залал келтiрiлген Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларына -
мүлкiн иесiне қайтару, өтем жасау, өтемақы төлеу және жоғарыда
көрсетiлген жағдайлардың салдарынан олар шеккен залалды жоюдың өзге
де нысандары осы Келiсiмнiң 3-бабының (2) парасында ескертiлген
тәртiп жағдайында жүргiзiледi.
6-бап
Келiсiмге қол қойылғанға дейiнгi
инвестициялар
Осы Келiсiм сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының осы
Келiсiм күшiне енгенге дейiн басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында
оның заңдары мен ережелерiне сәйкес жасалған инвестицияларына да
қолданылады.
7-бап
Неғұрлым қолайлы жағдай жасау қағидаты
Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенi мен басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторы арасында шарттары осы Келiсiмде көрсетiлгендерге қарағанда одан да қолайлырақ болып табылатын осындай уағдаласушылар өткенде жасалған болуы мүмкiн немесе болашақта жасалуы мүмкiн.
8-бап
Суброгация
Егер бiр Уағдаласушы Тарап өз инвесторларының бiрiнiң басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы күрделi қаржы салымдарына коммерциялық емес тәуекел бойынша қаржы кепiлдiгiн берсе, онда - суброгация қағидатына байланысты соңғысы бiрiншi Уағдаласушы Тараптың өзi берген кепiлдiк бойынша төлемдер төлеген инвестор құқығына берiлетiн құқығын мойындауы тиiс.
9-бап
Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы тарап
мемлекетiнiң инвесторы арасындағы даулар
1. Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап Мемлекетiнiң инвесторы арасындағы инвестицияға қатысты дауды шешу мақсатында мүдделi тараптар арасында сыйластық келiсiмге қол жеткiзудi мақсат еткен келiссөздер жүргiзiлетiн болады.
2. Егер бұл келiссөздер он екi айдың iшiнде дауды шешуге әкелмесе, дау, инвестордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда, АҚШ пен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялар жөнiндегi дауларды шешу үшiн 1965 жылғы 19 наурызда Вашингтон Конвенциясында бекiтiлген Инвестициялық Дауларды Шешу жөнiндегi Халықаралық Орталықтың (ИДШХО) төрелiк сотының қарауына берiледi.
3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы арқылы инвестициялық дауларды ИДШХО сотына беруге келiседi.
4. Дауласушы тараптардың бiрi болып табылатын Уағдаласушы Тарап талқылау мен шешiм қабылдаудың бүкiл барысында инвестор абыройы үшiн қамсыздандыру төлемiн немесе шеккен барлық залалын алды деп есептемеуге тиiс.
5. Төрелiк сот шешiмiнiң тараптар үшiн мiндеттi күшi болады, оған шағым беруге болмайды және Вашингтон Конвенциясында көзделгендерге қарағанда өзгеше шешiм бола алмайды. Соттың шешiмiн атқару шешiм орындалуы тиiс елдiң сот шешiмдерiнiң атқарылуын реттейтiн заңдар бойынша жүргiзiледi.
6. Басқа тарап төрелiк соттың шешiмiн орындамайтын немесе дұрыс орындамайтын жағдайларды қоспағанда, Тараптар дауды шешуге дипломатиялық арналарды қатыстырмайды.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдауға және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар дипломатиялық арналар арқылы шешiлетiн болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптар дау пайда болған күннен бастап он екi айдың iшiнде келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң талап етуi бойынша дау құрамында үш мүшесi бар төрелiк сотқа берiледi. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы бiр-бiрден төрешi тағайындайды және бұл төрешiлер төраға сайлайды, ол үшiншi мемлекеттiң азаматы болуы тиiс.
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi төрешi тағайындамаса және екi айдың iшiнде осындай тағайындауды жүргiзу жөнiндегi екiншi Уағдаласушы Тараптың шақыруына құлақ аспаса, онда төрешiнi осы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша Гаага қаласындағы БҰҰ Халықаралық сотының Президентi тағайындайды.
4. Егер екi төрешi олар тағайындалған күннен бастап екi айдың iшiнде төрағаны сайлауға қатысты келiсiмге келе алмаса, онда оны Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша Халықаралық соттың Президентi тағайындайды.
5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда Халықаралық соттың Президентi аталған қызметтi орындай алмаса немесе егер ол Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса, онда мұндай тағайындауды Вице-президент жүргiзедi, ал егер ол да тиiстi қызметтердi орындай алмаса немесе Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса, онда тағайындауды Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiреуiнiң азаматы болып табылмайтын Халықаралық соттың дәрежесi бойынша ең үлкен судьясы жүргiзедi.
6. Төрелiк сот Уағдаласушы Тараптар арасындағы басқа қаулыларды бұзбай, талапты қарау рәсiмiн өз бетiнше белгiлейдi.
7. Соттың шешiмдерi түпкiлiктi және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi болып табылады.
11-бап
Мiндеттемелердi сақтау
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға қатысты өз мiндеттемелерiнiң осындай инвестициялардың әрқайсысының әрекет етуiнiң барлық кезеңiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
12-бап
Қорытынды ережелер
1. Екi Үкiмет халықаралық келiсiмдердiң күшiне енуiне қатысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдарында көзделген құқықтық рәсiмдердiң орындалғаны туралы ноталар алмасқан күн осы Келiсiмнiң күшiне енген күнi болып табылады. Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 10 жыл iшiнде күшiнде болады. Егер осы мерзiмнiң аяқталуынан алты ай бұрын Келiсiмнiң қолданылу күшi жазбаша хабар беру арқылы тоқтатылмаса, онда ол нақ сол шарттарда келесi екi жылға, содан соң тағы да екi жылға және тағы да осылайша ұзартылған болып есептеледi.
2. Осы Келiсiмнiң қолданылу күшiнiң ықтимал тоқтатылуына дейiн
жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келiсiмнiң 1-бабынан
11-бабына дейiнгi ережелерi Шарттың қолданылу күшiн тоқтату туралы
хабарлама берiлген күннен бастап 10 жыл iшiнде күшiнде қала бередi.
Алматыда 1994 жылғы " "______________________қазақ, француз
және ағылшын тiлдерiнде түпнұсқалық екi дана етiп жасалды, бұл ретте
барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдауда
алшақтық пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң
ағылшын тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алатын болады.
Швейцария Федералдық Қазақстан Республикасының
Кеңесi үшiн Үкiметi үшiн
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария
Федералдық Кеңесiнiң арасындағы инвестицияларды
ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiмдi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1. Заң жобасының бастамашысы Қазақстан Республикасының
(органның толық атауы) Үкiметi
2. Заң жобасын дайындау жөнiндегi Құрылған жоқ
жұмыс тобының құрамы
3. Заң жобасы жөнiндегi бас Халықаралық Iстер, қорғаныс
комитет және қауiпсiздiк жөнiндегi
комитет
4. Заң жобасының Қазақстан 01.04.1998ж.
Республикасының Парламентiнде
тiркелген күнi
5. Заң жобасы бойынша Қазақстан
Республикасы Парламентi тұрақты
комитеттерiнiң қорытындылары
6. Заң жобасы бойынша Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң,
министрлiктердiң,
ведомстволардың, басқа
мемлекеттiк органдар мен
қоғамдық бiрлестiктердiң
қорытындысы
7. Заң жобасының ғылыми Жүргiзiлген жоқ
сараптамасы
8. Заң жобасы жөнiнде баяндама Қазақстан Республикасы
жасау кiмге тапсырылды Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
атқарушы директоры
С.М.Қанапияновқа
9. Балама жобалардың болуы Жоқ
10. Заң жобасының Қазақстан
Республикасының Парламентiне
тапсырылған күнi
11. Парламенттiң заң жобасын
бiрiншi оқылымда қараған
күнi және оның нәтижелерi
12. Жобаны пысықтау және оны
екiншi оқылымға әзiрлеу
тапсырылған бас комитет
(комиссия) басқа орган
13. Заң жобасын халықтық Ұсынылған жоқ
талқылауға ұсыну және оның
мерзiмi
14. Комитеттiң заң жобасы
жөнiндегi қорытындысы (екiншi
оқылымның алдында)
15. Заң жобасын Парламенттiң
екiншi оқылымда қарауы және
оның нәтижесi
16. Заңның күшiне ену уақыты
17. Басқа да белгiлер