Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң несие жүйесi шеңберiнде шағын кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегi N 1353 P971353_ қаулысының 4-тармағының екiншi абзацындағы "1997 жылға арналған лимиттiң еркiн қалдығын ескере отырып" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң алдында бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шағын және орта бизнестi, фермерлiк шаруашылықтарды дамытуды, жұмыс орындарын құруды несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 104 P980104_ қаулысында:
2-тармақтағы "Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкi несие желiсiнiң заемшысы және" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы "1998 жылдың лимитi есебiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi