1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне "Қазақстанда шағын және орташа кәсiпорындарды дамыту" несиесiнiң "В" траншы және "С" траншының 77 533 092, 50 (жетпiс жетi миллион бес жүз отыз үш мың тоқсан екi доллар елу цент) АҚШ доллары сомасындағы қалған бөлiгiн жою ұсынылсын.
2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жобасын қаржыландыру Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкi несиесiнiң шеңберiнде жүргiзiлсiн.
3. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры жоба бойынша Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiмен несиелiк келiсiм жасассын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң
алдында бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде аталған жобамен мемлекеттiк кепiлдеме берсiн; <*> Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорымен несиенi өтеу жөнiнде екiншi деңгейдегi банктердiң қарсы кепiлдемелiк мiндеттемелерiн реттейтiн келiсiм жасасын; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының келiсiмi бойынша қатысушы банктердi iрiктесiн. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.15. N 340 қаулысымен. P980340_ 5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi