Шағын және орта бизнестi, фермерлiк шаруашылықтарды дамытуды, жұмыс орындарын құруды несиелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 12 ақпандағы N 104

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Үкiметiне шағын және орта бизнестi, фермерлiк шаруашылықтарды дамытуға, жұмыс орындарын құруға 100 миллион АҚШ долларына баламды несиелер берудi қамтамасыз ету бөлiгiнде белгiленген сегiз нақты тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы Европа Қайта жаңарту және Даму Банкi несие желiсiнiң 50 миллион АҚШ доллары сомасындағы қаражатын және Азия Даму Банкiнiң 50 миллион АҚШ доллары сомасындағы Бағдарламалық заемының Екiншi траншын шағын және орта бизнестi, фермерлiк және шаруа қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға бағытталсын.
      2 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Азия Даму Банкi Бағдарламалық заемының Екiншi траншын жүзеге асыру жөнiндегi агентi ретiнде тартылсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.04.15.
               N 340 қаулысымен. P980340_
 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде Европа Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң несие желiсiнiң қалған сомасына мемлекеттiк кепiлдiк берсiн және "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктердi iрiктеудi жүргiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.15. N 340
               қаулысымен. P980340_
 
      4. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiруге тартылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады