Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегi N 1353 және 1998 жылғы 12 ақпандағы N 104 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 15 сәуiр N 340

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң несие жүйесi шеңберiнде шағын кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегi N 1353 P971353_ қаулысының 4-тармағының екiншi абзацындағы "1997 жылға арналған лимиттiң еркiн қалдығын ескере отырып" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң алдында бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Шағын және орта бизнестi, фермерлiк шаруашылықтарды дамытуды, жұмыс орындарын құруды несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 104 P980104_ қаулысында:
      2-тармақтағы "Европа Қайта Жаңарту және Даму Банкi несие желiсiнiң заемшысы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "1998 жылдың лимитi есебiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бұрын қабылдаған мiндеттемелерiнiң шеңберiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады