"Экономикалық қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3935 U983935_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 900 адамнан тұратын тергеу-оперативтiк бөлiмшелерiнiң штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiмен бiрлесе отырып, бюджет қаражатын берiлетiн штат санына сайма-сай қайта бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi он күн
мерзiм iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға
сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi