"Экономикалық қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3935 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 мамырдағы N 462

      "Экономикалық қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3935 U983935_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 900 адамнан тұратын тергеу-оперативтiк бөлiмшелерiнiң штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiне берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiмен бiрлесе отырып, бюджет қаражатын берiлетiн штат санына сайма-сай қайта бөлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан

 

Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi он күн

мерзiм iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға

сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады