Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 маусымдағы N 594

      1998 жылғы мамырда Оңтүстiк Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында болған табиғи зiлзаланың зардаптарын жою мақсатында, сондай-ақ зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыру көзделген қаражаттың есебiнен Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Қазығұрт ауданындағы нөсер жауыннан, сел тасқынынан және көшкiннен болған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға байланысты шығындарды өтеуге, сондай-ақ халыққа көмек көрсету үшiн 50 (елу) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi 1998 жылдың II тоқсанының

 

қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне төтенше

жағдайлар бойынша орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы

баяндасын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау

комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды

қамтамасыз етсiн.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады