Өзбекстан Республикасына iзгiлiк көмегiн көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 шiлдедегi N 690

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң табиғи зiлзаланың нәтижесiнде зардап шеккен Өзбекстан Республикасының халқына 1-сортты 120 тонна (екi темiр жол вагоны) ұн түрiнде iзгiлiк көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғандағы, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан 3 (үш) млн. 200 (екi жүз) мың теңге, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне - ұнды сатып алуға және тиеуге байланысты шығыстарды өтеуге 3 млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - iзгiлiк жүгiн тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеуге 200 мың теңге бөлiнсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi iзгiлiк көмегi тиелген вагондарды Тараз қаласынан Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына жедел жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк

 

көмегiн Өзбекстан Республикасының аумағында қарсы алуды және оны

арналуы бойынша берудi ұйымдастырсын.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген

қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн

және жоғарыда көрсетiлген мақсатқа арналған қосымша шығыстар пайда

болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс

енгiзсiн.



    Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады