Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнен жанар-жағар материалдарын босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 18 қазандағы N 778

      1997 жылы болған өрттердiң зардаптарын жою, күйген жерлердi тазарту және жарамды ағаштарды алып шығу, Шығыс Қазақстан облысының орман қоры аумағындағы ормандардың өртену қаупiнiң алдын алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне мемлекеттiк материалдық резервтен жалпы сомасы 60 (алпыс) миллион теңгеге 1600 (мың алты жүз) тонна автобензин мен 2600 (екi мың алты жүз) тонна дизель отынын бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп:
      1) алынған жанар-жағар материалдардың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын;
      2) күйiк шалған жерлердi ұқсату кезiнде алынған ағаштарды сату есебiнен 60 (алпыс) миллион теңгенiң 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейiн республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады