Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы
арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы
1997 жылғы 27 қарашада Варшавада жасалған Қазақстан Республикасы мен
Поляк Республикасы мен Поляк Республикасы арасындағы Консулдық конвенция
бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы арасындағы
Консулдық конвенция
Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы,
достықты нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ерік
білдіре отырып,
екі мемлекет арасындағы консулдық қатынастарды реттеу және дамыту
тілегін басшылыққа ала отырып,
1963 жылғы 24 сәуірдегі Венада қол қойылған Консулдық қатынастар
жөніндегі Вена конвенциясының ережелері осы Конвенцияда толық көрініс
таппаған мәселелерде қолданылатынын растай отырып,
осы Конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегілер жөнінде уағдаласты:
I бөлім
Анықтамалар
1-бап
Осы Конвенцияда пайдаланылатын анықтамалардың төмендегідей мағыналары
бар:
а) "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице- консулдықты немесе консулдық агенттікті білдіреді;
b) "консулдық округ" - консулдық қызметті орындау үшін консулдық мекемеге бөлініп берілген ауданды білдіреді;
c) "консулдық мекеме басшысы" - осы сапада іс-әрекет жасау тапсырылған адамды білдіреді;
d) "консулдық қызмет адамы" - консулдық мекеменің басшысын қоса алғанда, осы сапада консулдық қызметтерді орындау тапсырылған кез келген адамды білдіреді;
e) "консулдық мекеме қызметкері" - консулдық мекемеде әкімшілік немесе техникалық міндеттерді орындайтын кез келген адамды білдіреді;
f) "қызмет көрсетуші персонал қызметкері" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындайтын кез келген адамды білдіреді;
g) "консулдық мекеменің қызметкері" - консулдық қызмет адамын, консулдық мекеме қызметкерін және қызмет көрсетуші персоналдың қызметкерін білдіреді;
h) "жеке үй қызметкері" - консулдық мекеме қызметкерінің жеке үй қызметінде ғана тұрған адамды білдіреді;
i) "отбасы мүшесі" - консулдық мекеме қызметкерінің жұбайын (зайыбын), балаларын және, егер олар онымен бірге тұрып жатса және оның асырауында болса оның ата-аналарын білдіреді;
j) "консулдық үйлер" - консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, консулдық мекеменің мақсаттары үшін ғана пайдаланылатын үйлерді немесе үйлердің бөлігін және оларға меншік құқығы кімге тиесілі болғанына қарамастан осы үйлерге немесе үйлердің бір бөлігіне қызмет көрсететін жер учаскесін білдіреді;
k) "консулдық архивтер" - барлық қағаздарды, құжаттарды, хат- хабарларды, кітаптарды, фильмдерді, үн жазба таспаларын шифрлар мен кодтарды, картотекаларды және олардың бұзылмаушылығы мен сақтауды қамтамасыз етуге лайықталған жабдықтардың кез келгенін қоса алғанда, консулдық мекеменің реестрлерін білдіреді;
l) "кеме" - өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауын көтеруге құқығы бар және осы мемлекетте тіркелген кез келген азаматтық жүзу құралын білдіреді;
m) "әуе кемесі" - өкілдігін берген мемлекетке тиесілігін тану
белгілерін пайдалану құқығы берілген және осы мемлекетте тіркелген кез
келген азаматтық ұшу аппаратын білдіреді.
2. Осы Конвенцияның өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына
қатысты ережелері, сондай-ақ заңды тұлғаларға және заңды тұлға болып
табылмайтын, алайда өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес
құрылған және осы мемлекетте тұрғылықты орны бар өзге де субъектілерге
қатысты тиісінше қолданылады.
II бөлім
Консулдық мекемелердің ашылуы және консулдық мекемелер
қызметкерлерін тағайындау
2-бап
1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында осы
мемлекеттің келісімімен ғана ашыла алады.
2. Консулдық мекеменің орналасатын жері, оның класы және консулдық округі өкілдігін жіберген мемлекетпен анықталады және консулдық орналасқан мемлекеттің келісімімен мақұлдануы тиіс.
3. Консулдық мекеменің орналасқан жерінің, оның класының немесе консулдық округтің одан әрі қарайғы өзгерістері консулдық орналасқан мемлекеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
3 бап
1. Консулдық мекеменің басшысы консулдық патентті берген және консулдық орналасқан мемлекеттің экзекватурасын алғаннан кейін өз міндеттерін орындауға жіберіледі.
2. Өкілдігін жіберген мемлекет дипломатиялық арналар арқылы немесе басқа жолмен консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министріне патентті жібереді. Консулдық патенттің мазмұнында консулдық мекеме басшысының толық аты мен тегі, азаматтығы, оның дәрежесі, ол өз міндеттерін атқаратын консулдық округ, сондай-ақ консулдық мекеменің орналасқан жері жазылады.
3. Патентті алған соң консулдық орналасқан мемлекет оған барынша қысқа мерзім ішінде және ақысыз экзекватура береді.
4. Консулдық орналасқан мемлекет экзекватура бергенге дейін консулдық мекеме басшысына оның өз міндеттерін уақытша орындауына келісімін бере алады.
5. Міндеттерді уақытша болса да орындауға келісім берген сәттен бастап, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті орындары консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін орындай алуы үшін қажетті шараларды қабылдайды.
4-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне жазбаша:
a) консулдық мекеме қызметкерлерінің тағайындалулары, тағайындалғаннан кейін олардың консулдық мекемеге келулері туралы олардың түпкілікті кетулері немесе олардың қызметін тоқтатқаны туралы және олардың консулдық мекемедегі жұмысы кезінде болуы мүмкін, олардың статусына ықпал ететін басқа да өзгерістер туралы;
b) консулдық мекеме қызметкерінің отбасы мүшесінің келуі немесе түпкілікті кетуі туралы, сондай-ақ тиісті жағдайларда, сол немесе өзге адам отбасының осындай мүшесі болатыны немесе болмайтыны туралы;
c) жеке үй қызметкерлерінің келуі және түпкілікті кетуі туралы және, тиісті жағдайларда, олардың осы сападағы қызметінің тоқтатылуы туралы;
d) консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мекеме қызметкерлері немесе жеке үй қызметкерлері ретінде тұратын адамдарды жалдау және жұмыстан босату туралы мәлімденеді.
2. Келу туралы немесе түпкілікті кету туралы мәлімдеме мүмкіндігінше алдын ала жасалуы тиіс.
5-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары әрбір консулдық қызмет адамына, оның жеке басы туралы мәліметтерді және қызметін растайтын тиісті құжатты ақысыз береді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі консулдық мекеме қызметкерлеріне, қызмет көрсетуші персонал мүшелеріне және жеке үй қызметкерлеріне, бұл адамдар консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын, сондай-ақ осы мемлекетте тұрғылықты мекен-жайы болмаған жағдайда қолданылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері отбасы мүшелеріне тиісті түрде қолданылады.
6-бап
Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекетте тұрғылықты тұратын орны жоқ және бұл мемлекетте өзінің қызметтік міндеттерінен басқа жалақы үшін өзге қызметпен айналыспайтын өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы болуы тиіс.
7-бап
Консулдық орналасқан мемлекет, өз шешіміне дәлелдер келтіру міндетінсіз, кез келген уақытта өкілдігін жіберген мемлекетке дипломатиялық арналар арқылы немесе өзге тиісті түрде консулдық мекеме басшысына берілген экзекватура немесе өзге рұқсат күшін жойғаны немесе сол немесе өзге консулдық қызмет адамының немесе консулдық мекеменің өзге қызметкерінің қолайсыз болып табылатындығы туралы мәлімдей алады. Мұндай жағдайда өкілдігін жіберген мемлекет бұл адамды, егер ол өз міндеттерін атқаруға кірісіп кетсе, кері шақырып алуға тиіс. Егер өкілдігін жіберген мемлекет ақылға сиятын мерзім ішінде осы міндеттемелерді орындамаса, онда консулдық орналасқан мемлекет бұндай адамды консулдық мекеме қызметкері деп танудан бас тарта алады.
8-бап
Өкілдігін жіберген мемлекет тиісті мемлекеттерге мәлімдегеннен кейін, бір мемлекетте ашылған консулдық мекемеге, екінші мемлекетте, егер осы мемлекеттердің қайсысының болса да тарапынан анық білдірілген қарсылық болмаса, консулдық міндеттерді орындауды тапсыра алады.
9-бап
Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесі консулдық орналасқан мемлекетке тиісті мәлімденген соң, егер консулдық орналасқан мемлекет қарсы болмаса, үшінші мемлекет атынан консулдық орналасқан мемлекетте консулдық міндеттерді орындай алады.
10-бап
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екі жақты қатынастар шеңберінде құрметті консулдық қызмет адамдарын, оларға қатысты Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 3-бөлімі ережелерін, сондай-ақ бұл мүмкін болса, осы Конвенцияның ережелерін қолдана отырып, тағайындауы және қабылдауы мүмкін. Құрметті консулдық қызмет адамдары - өкілдігін жіберген мемлекеттің, консулдық орналасқан мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін.
III бөлім
Жеңілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер
11-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекемеге әртүрлі көмек көрсетеді және консулдық мекеме қызметкерлері өз ресми міндеттерін орындауы және осы Конвенцияда көзделген құқықтарды, артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалана алуы үшін қажетті шараларды қабылдайды. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне тиісінше құрметпен қарайды және олардың жеке басына, бостандығы мен адамгершілігіне қиянат істеудің кез келген нысанын болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
12-бап
1. Егер консулдық мекеменің басшысы қандай да бір себеппен өзінің міндеттерін орындай алмаса немесе егер бұл қызмет орны уақытша бос болса, өкілдігін жіберген мемлекет уақытша басшыны тағайындай алады.
2. Консулдық мекеме басшысының міндеттерін атқарушының толық аты мен тегін консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне немесе осы министрлік көрсеткен органға өкілдігін жіберген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе, егер бұл өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте бұндай өкілдігі болмаса - консулдық мекеменің басшысы немесе, егер оның мұны жасайтын мүмкіндігі болмаса - өкілдігін жіберген мемлекеттің кез келген құзыретті органы хабарлайды. Әдетте, бұл хабар алдын ала жасалады. Консулдық орналасқан мемлекет өз келісімімен өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттегі не дипломатиялық өкілі, не консулдық қызмет адамы болып табылмайтын консулдық мекеменің уақытша басшысын жіберуді қамтамасыз ете алады.
3. Өкілдігін жіберген мемлекеттің құзыретті органдары консулдық мекеменің уақытша басшысына көмек көрсетеді және қорғайды. Консулдық мекемені уақытша басқарушы адамға, оған тиісті консулдық мекеме басшысына таралғанындай негізде осы Конвенцияның ережелері қолданылады. Алайда, консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің уақытша басшысына, консулдық мекеменің уақытша басшысы сәйкес келмейтін жағдайларда консулдық мекеме басшысы пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттерді беруге міндетті емес.
4. Егер осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес консулдық мекеменің уақытша басшысы болып өкілдігін жіберген мемлекет дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналының мүшесі немесе сыртқы істер министрлігінің қызметкері тағайындалса, ол консулдық орналасқан мемлекет бұған қарсы болмаған жағдайда дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалана береді.
13-бап
1. Өкілдігін жіберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес өзаралық принциптер негізінде:
a) ғимараттарды немесе ғимараттардың бір бөлігін консулдық мекеменің үйі, консулдық мекеме басшысының резиденциясы және консулдық мекеменің өзге де қызметкерлеріне үй ретінде пайдалану үшін жеке меншігіне сатып немесе жалға алуы мүмкін;
b) пайдалануға тегін берілетін жер учаскелерінде ғимараттарды салуы немесе осы мақсатта оны соған лайықтауы мүмкін;
c) жеке меншікті иелену құқығын үшінші тарапқа бере алады.
2. Консулдық орналасқан мемлекет қажет болған жағдайда консулдық мекемеге консулдық мекеме қызметкерлері үшін ыңғайлы тұрғын үйлерді алуға жәрдем көрсетеді.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелері өкілдігін жіберген мемлекетті жоғарыда аталған учаскелер, ғимараттар, не ғимараттың бөліктері орналасқан немесе орналасатын ауданда қолданылатын құрылыс және қалалық жобалау жөніндегі, ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңдар мен ережелерді сақтау қажеттігінен босатпайды.
14-бап
1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің елтаңбасы бейнеленген және өкілдігін жіберген мемлекет тілі мен консулдық орналасқан мемлекет тілінде консулдық мекеменің аты жазылған консулдық тақта консулдық мекеме үйіне және консулдық мекеме басшысының резиденциясына бекітіліп қойылуы мүмкін.
2. Консулдық мекеме үйіне және консулдық мекеме басшысының резиденциясына өкілдігін жіберген мемлекеттің мемлекеттік жалауы ілініп қойылуы мүмкін.
3. Консулдық мекеменің басшысы көлік құралдарына, оларды қызмет бабында пайдаланған кезде, өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауын бекітіп қоя алады.
15-бап
1. Консулдық үйлерге тиісуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттің органдары өкілдігін жіберген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының консулдық мекемесі басшысының, не олардың біреуі тағайындаған адамның келісімінсіз консулдық үйлерге кіре алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері консулдық мекеме қызметкерлерінің тұрғын үйлеріне қолданылады.
16-бап
Консулдық үйлер, олардың жабдықтары, консулдық мекеменің мүлкі мен оның көлік құралдары ұлттық қорғаныс, қоғамдық зәрулік не басқа да мақсаттарда алудың ешқандай нысанына жатпайды.
17-бап
1. Өкілдігін жіберген мемлекет немесе оның атынан қызмет етуші кез келген адам иеленуші немесе жалға алушы адам болып табылатын консулдық үйлерге және консулдық мекеме қызметкерлерінің үй-жайларына, нақты қызмет көрсетулер түрлеріне ақы төлеуді қоспағанда, қандай да бір салықтар мен алымдар салынбайды немесе төленбейді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары бойынша өкілдігін жіберген мемлекетпен немесе оның атынан іс-әрекет жасайтын адаммен шарт жасасқан адамдар төлейтін төлемдер мен салықтарға қолданылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелері өкілдігін жіберген мемлекеттің
меншігі болып табылатын және консулдық міндеттерді атқару үшін арналған
көлік құралдарына да қолданылады.
18-бап
Консулдық архивтерге қай уақытта болмасын және олардың қай жерде
орналасқанына қарамастан тиісуге болмайды.
19-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекет қызметтік мақсаттарда консулдық мекеме қарым-қатынастарының еркіндігіне рұқсат беруге және қорғауға тиіс. Консулдық мекеме өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметімен, дипломатиялық өкілдіктерімен және басқа да консулдық мекемелерімен, олардың қай жерде орналасқанына қарамастан қарым-қатынас жасаған кезде, дипломатиялық және консулдық курьерлерді, дипломатиялық және консулдық вализаларды, кодталған немесе шифрленген хабарламаларды қоса алғанда, барлық жарамды байланыс құралдарын пайдалана алады.
Консулдық мекеме қабылдағыш тартқыш радиоаппаратурасын консулдық орналасқан мемлекеттің рұқсатымен ғана орната және пайдалана алады.
2. Консулдық мекеменің қызмет бабындағы хат алмасуларына тиісуге болмайды. "Қызмет бабындағы хат алмасулар" сөздері консулдық мекемеге және оның міндеттеріне байланысты кез келген хат алмасуларды білдіреді.
3. Консулдық почтаның, оның сипатын білдіретін нақты сыртқы белгілері болуға тиіс және оның ішінде тек қана қызмет бабындағы пайдалануға арналған құжаттар мен заттар сияқты, қызмет бабындағы хат алмасулар болуы тиіс.
4. Консулдық почтаны ашып қарауға немесе алып қалуға болмайды. Егер консулдық орналасқан мемлекет құзыретті органдарының почтада осы баптың 3- тармағында көрсетілген хат-хабар, құжаттар мен заттардан өзге заттар бар деп ойлауға орынды негіздері болса, онда өздерінің қатысуымен өкілдігін жіберген мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің бұл почтаны ашуын талап ете алады. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің органдары бұл өтінішті орындаудан бас тартса, онда бұл почта жіберілген орынға қайтарылады.
5. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық курьерлері консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында дипломатиялық курьерлер пайдаланатын құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланады. Консулдық курьер оның мәртебесін растайтын және консулдық почтаны құрайтын орындар санын анықтайтын қызметтік құжатпен қамтамасыз етілуі тиіс. Тек өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын азаматы ғана консулдық курьер бола алады.
6. Консулдық почта кеме капитанына немесе әуе кемесінің командиріне тапсырыла алады. Аталған капитан немесе командир консулдық почтаны құрайтын орын санын анықтайтын қызметтік құжатпен қамтамасыз етіледі, әйтсе де ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық қызмет адамы консулдық почтаны кедергісіз кеме капитанынан немесе әуе кемесі командирінен тікелей ала алады және мұндай почтаны осылай бере алады.
20-бап
1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясына қарсы иммунитетті пайдаланады. Ол жеке басына тиіспеушілікті пайдаланады және тұтқындауға не қамауға алынбайды, не қандай да өзге нысанда оның жеке басының бостандығы шектелмейді.
2. Консулдық мекеменің қызметкері және қызмет көрсетуші персонал қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты іс-әрекеттері үшін ғана консулдық орналасқан мемлекеттің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясына қарсы иммунитетті пайдаланады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері:
a) өкілдігін жіберген мемлекеттің өкілі ретінде ол өзіне тікелей немесе жанама міндеттерді қабылдамаған консулдық мекеме қызметкерінің жасаған шартынан туындайтын;
b) консулдық мекеме қызметкерінің консулдық орналасқан мемлекетте жол көлік құралынан болған қайғылы оқиға салдарынан келтірген залалы үшін қозғалған;
c) егер консулдық мекеменің қызметкері оған өкілдігін жіберген мемлекет атынан консулдық мақсаттар үшін иелік етпесе, консулдық мекеме орналасқан мемлекет аумағындағы жеке қозғалмайтын мүлікке қатысты азаматтық талаптарға қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелері тиісінше отбасы мүшелеріне де қатысты.
21-бап
1. Өкілдігін жіберген мемлекет осы Конвенцияның 20-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарта алады. Бұл бас тарту жазбаша нысанда анық білдірілуі тиіс.
2. Консулдық мекеме қызметкерінің осы Конвенцияның 20-бабына сәйкес юрисдикциялық иммунитетті пайдалана алатын жағдайда сот ісін қозғауы, оны негізгі талапқа тікелей байланысты қандай да бір қарсы талапқа қатысты иммунитетке сілтеме жасау құқығынан айырады.
3. Азаматтық немесе әкімшілік іске қатысты юрисдикциялық иммунитеттен бас тарту, айрықша бас тарту талап етілетін атқару іс-әрекеттері иммунитетінен бас тартуды білдірмейді.
22-бап
1. Консулдық мекеме қызметкерлері сот немесе әкімшілік істер жүргізу кезінде куәгерлер ретінде шақыртыла алады. Консулдық мекеме қызметкері және қызмет көрсетуші персонал мүшесі осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттің соттары немесе өзге құзыретті органдары алдында куәгерлік жауап берулерден бас тарта алмайды. Егер консулдық қызмет адамы жауап беруден бас тартатын болса, онда оған ешқандай күштеу немесе жазалау шаралары қолданыла алмайды.
2. Өздеріне консулдық қызмет адамының жауап беруі қажет болған орган бұл адамның өз міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге тиіс. Ол бұлайша мүмкін ету болған жағдайда, бұл адамның жауап берулерін өз үйінде немесе консулдық мекемеде тыңдай алады немесе одан жазбаша жауаптар қабылдай алады.
3. Консулдық мекеменің қызметкерлері, өздерінің міндеттерін атқаруға байланысты мәселелер жөнінде жауап беруге немесе өздерінің міндеттеріне қатысты ресми хат-хабар мен құжаттарды беруге міндетті емес. Бұл ереже консулдық мекеменің қызметіне байланысты фактілерге қатысты сондай-ақ консулдық мекеме қызметкерінің отбасы мүшелеріне және жеке үй қызметкерлеріне қолданыла алады.
4. Консулдық мекеменің қызметкерлері, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарын түсіндіретіндей жауап берулерге де міндетті емес.
23-бап
Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін барлық еңбек және мемлекеттік міндеттіліктен, олардың сипатына байланыссыз, сондай-ақ реквизиция, контрибуция және әскери күзет сияқты әскери міндеттіліктерден босатуға міндетті.
24-бап
Консулдық мекеменің қызметкері мен оның отбасы мүшесі шетелдіктерден талап етілетін тіркеу, тұруға және жұмысқа рұқсат алу, сондай-ақ осыған ұқсас талаптарға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерінде көзделген барлық талаптарды орындаудан босатылады.
25-бап
1. Консулдық мекеме қызметкері және оның отбасы мүшелері консулдық орналасқан мемлекетте барлық жеке бас және мүліктік, мемлекеттік, аудандық және муниципалдық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады, бұған мыналар жатпайды:
a) әдетте тауар не қызмет көрсету құнына қосылатын жанама салықтар;
b) осы Конвенцияның 17-бабының ережелерін қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттегі жеке қозғалмайтын мүлікке салынатын салықтар мен алымдар;
c) консулдық орналасқан мемлекет алатын мұраға салықтар мен алымдар және меншік құқығын ауыстыруға салықтар;
d) консулдық орналасқан мемлекетте өз табыс көзі бар капиталдан түсетін табыстарды қоса алғанда, жеке табыстарға салынатын салықтар мен алымдар, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттің коммерциялық және қаржылық кәсіпорындарына инвестицияланған капиталға салынатын салықтар;
e) қызмет көрсетулердің нақты түрлері үшін алынатын алымдар;
1) осы Конвенцияның 15-бабының ережелерін есептемегенде, тіркеу, соттық және реестрлік баж салықтары, ипотекалық және елтаңбалық алымдар.
2. Қызмет көрсетуші персоналдың қызметкерлері олардың өз жұмысы үшін алатын еңбек жалақысына салынатын салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.
3. Консулдық орналасқан мемлекетте еңбек жалақысы немесе сыйақысы табыс салығынан босатылмаған адамдарды жалға алған консулдық мекеменің қызметкерлері табыс салығын алуға байланысты бұл мемлекеттің заңдары мен ережелері жалдаушыларға жүктеген міндеттерді орындауға міндетті.
26-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекет өзінде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес тиеуге, тасымалдауға, сақтауға және түсіруге не өзге қызмет көрсетуге төлемді қоспағанда, мыналарды кеден баж салықтарынан және басқа төлемдерден босатады:
а) консулдық мекеменің ресми пайдалануына арналған заттар;
b) олардың орналасуы үшін арналған заттарды қоса алғанда, консулдық мекеме қызметкерлерінің не олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған көлік құралдарын қоса алғанда заттар;
2. Консулдық қызмет адамының, сондай-ақ отбасы мүшелерінің жеке жүгі, егер оның ішінде осы баптың 1-тармағы b-тармақшасында көрсетілгеннен өзге заттар немесе консулдық орналасқан мемлекеттің карантин туралы заңдары мен ережелеріне сай әкелуі мен әкетілуі тыйым салынған заттар бар деп шамалауға орынды себептер болмаса, кедендік баж салығынан босатылады. Бұндай тексеріс консулдық қызмет адамының немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізілуі тиіс.
27-бап
Мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты тыйым салынған аймақтарға қатысты өзінің заңдары мен ережелерін қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің барлық қызметкерлеріне, сонымен бірге олардың отбасы мүшелеріне өз аумағы арқылы жүріп-тұру еркіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамына оның өз міндеттерін атқаруына ешқандай қиындықтар келтірмейді.
28-бап
1. Осы Конвенциядағы 22-баптың 3 және 4-тармақшаларынан өзге көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер консулдық мекеменің қызметкерлері мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметшілеріне, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болса немесе осы мемлекетте тұрақты тұратын болса онда оларға қолданылмайды.
2. Консулдық мекеменің қызметкерлері үшін осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер отбасы мүшелеріне, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмаса немесе осы мемлекетте тұрақты тұрмайтын болса және онда пайда табатын қызметпен шұғылданбайтын болса, онда оларға қолданылады.
3. Осы Конвенциядағы 22-баптың 3-тармағының ережелерінен басқа
белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттермен жеке үй қызметшілері
пайдалана алмайды.
29-бап
Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын
барлық адамдар өздерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне зиян
келтірместен көлік қозғалысы мен автомобильді сақтандыруды реттейтін
заңдар мен ережелерді қоса консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен
ережелерін құрметтеуге міндетті.
IV бөлім
Консулдық міндеттер
30-бап
1. Консулдық қызмет адамы өзінің консулдық округінің шеңберінде Конвенцияның осы бөлімінде аталған міндеттерін орындауға құқылы, сондай-ақ өзге ресми консулдық міндеттерді, егер де олар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін болса, немесе оған осы мемлекет қарсы болмаса орындайды.
2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекетті хабарлағаннан кейін қайсыбір халықаралық ұйымдарда, өз мемлекетінің өкілі ретінде іс-қимыл жасайды.
3. Консулдық қызмет адамы өз міндетін орындауға байланысты өзінің консулдық округінің құзыретті органдарына, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттің орталық өкімет орындарының өкілдеріне жазбаша немесе ауызша өтініш жасауға құқылы.
4. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына
сәйкес консулдық алымдар мен төлемдерді өндіріп алуға құқылы, осы алымдар
мен төлемдердің пайдасы консулдық орналасқан мемлекеттің қайсыбір
салықтарынан және алымдарынан босатылады.
31-бап
Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің және өз
азаматтарының мүддесін қорғауға құқылы.
32-бап
Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің және консулдық
орналасқан мемлекеттің олардың азаматтары арасындағы достық
қарым-қатынастарды нығайтуға жәрдемдесуі тиіс, сондай-ақ экономикалық,
сауда, мәдениет, ғылыми байланыстар мен туризмді дамытуға көмектесуі тиіс.
33-бап
1. Консулдық қызмет адамы:
a) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының есебін жүргізуге;
b) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының туғандығын, қайтыс болғандығын тіркеуге және тиісті құжаттарды қабылдауға;
c) азаматтық алу мәселелері жөніндегі өтініш қабылдауға құқылы.
2. Консулдық қызмет адамы, егер де мұны консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары талап етсе, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарына осы баптың 1-тармағының b, с, d-тармақшаларында аталған іс-қимылдардың орындалғаны туралы хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының b, c және d-тармақшаларының ережелері мүдделі адамдарды консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары талап ететін формалдылықты сақтау міндеттерінен босатпайды.
34-бап
Консулдық қызмет адамы:
a) осы мемлекеттің заңдарына сәйкес өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарына паспорттар мен басқа жол құжаттарын беруге, қолданыс мерзімін қалпына келтіруге және олардың қолданыс мерзімін жоюға;
b) өкілдігін жіберген мемлекетке келуге құқық беретін құжаттар беруге
және осы құжаттарға қажетті өзгерістер енгізуге;
c) визалар беруге құқылы.
35-бап
Консулдық қызмет адамы:
a) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өтініштерін қабылдауға,
тіркеуге, жасауға және куәландыруға;
b) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өсиетін жасауға,
тіркеуге, куәландыруға және сақтауға;
c) өкілдігін жіберген мемлекет егер де осы шарттар немесе міндеттемелер консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе азаматтардың арасында жасаған шарттарды жасасуға, тіркеуге, растауға және біржақты міндеттемелерді куәландыруға құқылы. Осы ретте консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекетте жылжымайтын мүлікке материалдық құқықты белгілейтін, аударатын немесе қысқартатын шарттар мен міндеттемелерді жасауға, тіркеуге және куәландыруға тиісті емес;
d) өкілдігін жіберген мемлекет және консулдық орналасқан мемлекет азаматтарының немесе үшінші мемлекет азаматтарының арасындағы шарттарды егер де осы шарттар өкілдігін жіберген мемлекетте орындауға жататын болса және құқықтық сұранымы болса және олар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін болса, онда оларды жасауға, тіркеуге және куәландыруға;
e) өкілдігін жіберген мемлекет немесе консулдық орналасқан мемлекет өкімет орындарының берген құжаттарын жариялауға, сондай-ақ осы құжаттардың көшірмесін және түпнұсқасын куәландыруға;
f) құжаттарды аударуға және аударманың түпнұсқаға сәйкестігін куәландыруға;
g) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының қолын растауға;
h) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының немесе осы азаматтар
үшін құжаттарды, ақшаларды және басқа заттарды, егер де осылар консулдық
орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін болса сақтау үшін
қабылдауға;
i) тауарлардың шығуына байланысты құжаттар беруге құқылы.
36-бап
Осы Конвенцияның 35-бабының ережелеріне сәйкес консулдық қызмет адамы
жасаған, куәландырған немесе аударған құжаттар консулдық орналасқан
мемлекетте осы мемлекеттің құзыретті өкімет орындары берген, куәландырған
немесе аударған құжаттар сияқты, сондай-ақ заңдық күші бар құжаттар
ретінде танылады.
37-бап
Консулдық қызмет адамы сот және сотқа жатпайтын құжаттарды тапсыруға, сондай-ақ айғақтарды алып тастауға құқылы. Осы құқық тек қана өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарына және күш көрсетпей қолдануы мүмкін.
38-бап
Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелері белгілеген шеңберде өкілдігін жіберген мемлекет азаматтары болып табылатын, толық еңбекке жарамсыз, кәмелетке толмаған және өзге адамдардың, әсіресе осындай адамдарды қайсыбір қамқорлыққа алу немесе шапағатшы болу талап етілсе мүдделерін қорғауға құқылы.
39-бап
Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамына өкілдігін жіберген мемлекет азаматының қайтыс болғаны туралы тез арада хабарлайды және оған қайтыс болғаны туралы куәлікті тегін жібереді.
40-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамына өкілдігін жіберген мемлекет азаматының мұрагерлік мүлкінің ашылғаны туралы, сондай-ақ қайтыс болған немесе қаза болған азаматтың азаматтығынан тәуелсіз, егер өкілдігін жіберген мемлекет азаматы мұрагерлікке немесе алудан бас тартқан құқығы берілген мұрагер ретінде анықталған мұрагерлігінің ашылғаны туралы тез арада хабарлайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары осы мемлекеттің заңдары мен өзге ережелерінде көзделген мұрагерлікті сақтау үшін тиісті шараларды қолданады және консулдық қызмет адамына, егер ол жасалған болса өсиет көшірмесін және мұрагерлік құқығы бар осы мұрагерліктің құнын және құрамдас бөлігін, әлеуметтік сақтандыруды, табыстарды және өзге сақтандыру полистерінің сомасын қоса, мұрагерлікке, адамдардың болған жеріне қатысты қайсыбір қолдағы бар ақпаратты береді. Олар сондай-ақ өсиетті қарау, олардың қандай дәрежеде болғаны туралы, жұмыстарының мерзімі туралы да хабарлайды.
3. Консулдық қызмет адамы өкілеттігін қолданбай-ақ тікелей немесе жанама өзінің өкілі арқылы консулдық орналасқан мемлекеттің сот және өзге құзыретті органдарында өкілдігін жіберген мемлекет азаматын, ол консулдық орналасқан мемлекетте мұрагер немесе алудан бас тартқан құқығы берген адам болса, егер мұндай азаматтың болмауы немесе өзінің өкілін тағайындамаған жағдайда өкілдейді.
4. Консулдық қызмет адамы:
a) мұрагерлікті сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шара қолдануға, мөр басуға және мөрді алуға, қамқоршылық пен шапағатшылықты тағайындауға, өзінің осы іс-шараларға тікелей қатысуға;
b) мұрагерліктің құрамына кіретін мүлікті сақтауға, оған қатысу үшін оны сатудың мерзімі туралы хабарлама алуға құқылы.
5. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары мұрагерлік немесе өзге қызметтік іс-қимылы жөніндегі жұмысын бітірер алдында тез арада бұл жайлы консулдық қызмет адамына хабарлайды және қарыздарды, төлемдерді және салықтарды реттегеннен кейін үш айдың ішінде оған өзі өкілдейтін мұрагерлікті немесе мұрагерліктің үлесін табыс етеді.
6. Консулдық қызмет адамы өкілетті адамға консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекені жоқ өкілдігін жіберген азаматқа тиісті мұрагерліктің үлесін және өсиетін тапсыру үшін алуына құқылы, сондай-ақ өтемақыны, зейнеткерлік мерзімі ұзартылған жалақысын және сақтандыру полисін алуға құқығы бар адамдарға тиісті сомаларды алуға құқылы.
7. Өкілдігін жіберген мемлекетке осы ереженің 5 және 6 ережелеріне сәйкес мүлікті және ақша сомаларын тапсыру, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
41-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте уақытша жүрген азаматы қайтыс болған жағдайда оған қатысты қалған мүлкі консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарымен сақталады, қорғалады, содан кейін өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық қызмет адамына арнаулы сот ісінсіз беріледі. Консулдық қызмет адамы қайтыс болған азаматтың, оның консулдық орналасқан мемлекетте болған кезіндегі жасаған қарызын қалған мүлкінің құны шегінде өтейді.
2. Осы баптың 1-тармағында анықталған мүлікке тиісінше осы Конвенцияның 40-бабының 7-тармағының ережесі қолданылады.
42-бап
Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекет азаматтары, егер де олардың болмауынан немесе басқа да себепті жағдайлармен өз құқықтары мен мүдделерін уақытылы қорғауға мүмкіндігі болмаса, онда оларды консулдық орналасқан мемлекеттің сот және басқа құзыретті өкімет орындары алдында өкілдеуге құқылы. Бұл өкілдік адамдар өздерінің уәкілдерін тағайындағанға дейін немесе өз құқығы мен мүддесін қорғауды өзіне алғанға дейін жалғасады.
43-бап
1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің қайсыбір азаматымен кездесуге және қатысуға оларға ақыл-кеңес беруге және құқықтық көмек көрсету үшін шараларды қабылдауды қоса алғанда жан-жақты жәрдем көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекет ешқандай түрде өкілдігін жіберген мемлекет азаматының консулдық қызмет адамымен қатынасуына және оның консулдық мекемеге кіру рұқсатына шек қоймайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамына үш күннен қалдырмай өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматын қамауға алу, ұстау немесе еркіндігінен өзге нысанда айыру туралы хабарлайды.
3. Консулдық қызмет адамы хабарлама алысымен тез арада 4 күннен қалдырмай қамауға алынған немесе басқа нысанда ұсталған немесе түрмедегі мерзімін өтеп жатқан өкілдігін жіберген мемлекет азаматымен кездесуге және қарым-қатынас жасауға құқылы. Осы тармақтағы аталған құқық, өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес, егер де осы заңдар мен ережелер осы бапқа сәйкес берілетін құқық мақсаты үшін толық жүзеге асырылуға көмектесуі тиіс болса, жүзеге асырылады.
4. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық орналасқан мемлекеттік консулдық қызмет адамын өкілдігін жіберген мемлекет азаматының бақытсыз оқиғаларға және өзге төтенше жағдайларға ұшырағаны жайлы тез арада хабарлайды.
44-бап
1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесіне, экипажы мен жолаушыларына консулдық орналасқан мемлекеттің портындағы, аумақтық немесе ішкі суларындағы жан-жақты қолдау және көмек көрсетуге құқығы бар.
2. Консулдық қызмет адамы кемеге жағамен еркін қарым-қатынас жасауға рұқсат берілген соң кеме бортына көтеріле алады, кеменің капитаны, басқа экипаж мүшелері және жолаушылары консулдық қызмет адамымен қарым-қатынас жасауы мүмкін.
3. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесі мен оның экипажына қатысты бақылау және инспекциялау құқығын пайдалануы мүмкін.
4. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекет кемесінің капитанына, экипаждың басқа мүшелеріне және осы кеменің жолаушыларына қатысты қандай да болмасын мәселе жөнінде консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарына көмек көрсетуге өтініш жасауы мүмкін.
45-бап
Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесіне қатысты мынадай:
a) өкілдігін жіберген мемлекет өкіметінің құқығына зиян келтірместен кеменің жолда және портта тұрған кезіндегі қайсыбір қақтығыстарды тексеруге, осындай қақтығысқа байланысты кеме капитанынан және экипаж мүшесінің кез-келгенінен жауап алуға, кеме құжаттарын тексеруге, кеме рейсі, оның жүгі мен бағытына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ кеменің келуіне және кетуіне және оның портта болуына байланысты көмек көрсетуге;
b) еңбек ақысы мен еңбек шарттарына қатысты дауларды қоса алғанда, капитан мен экипаж мүшелері арасындағы дауларды шешуге;
c) кеменің капитанын және басқа экипаж мүшелерін ауруханада емдеуге және олардың өкілдігін жіберген мемлекетке қайтуына шара қолдануға;
d) өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарында көзделген кемеге қатысты декларацияларды немесе өзге құжаттарды жасауға, қабылдауға, тіркеуге немесе куәландыруға;
e) кеме мәселесі жөніндегі өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарында көзделген қайсыбір өзге іс-қимылдар егер де олар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне қайшы келмейтін болса жасауға.
46-бап
1. Консулдық орналасқан мемлекеттің соттары және өзге құзыретті органдары өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесінің бортында жасалған қылмысқа қатысты өздерінің юрисдикциясын жүргізе алмайды, тек қана мыналарға қатысты:
a) қылмыс өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматымен немесе азаматына қарсы немесе кеме экипажының мүшесі болып табылмайтын қайсыбір өзге адаммен немесе қайсыбір адамға қарсы жасалса;
b) қылмыс консулдық орналасқан мемлекеттің қоғамдық тәртібін, порттың, аумақтық немесе ішкі сулардың қауіпсіздігін бұзатын болса;
c) қылмыс, санитарлық талапқа, теңіздегі қауіпсіздікке, иммиграцияға, кеден ережесіне, теңіздің ластануына немесе есірткі мен қаруды жасырын өткізуге қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен өзге ережелерін бұзатын болса;
d) қылмыс, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес бас бостандығын бес жылдан кем емес мерзімге айырған немесе одан да ауырлау болған жағдайда.
2. Өзге жағдайларда жоғарыда аталған органдар консулдық қызмет адамының өтініші бойынша немесе рұқсатымен іс-қимыл жасауы мүмкін.
47-бап
1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттің соттары немесе басқа құзыретті органдары өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттің ішкі суларында, аумақтық суларында немесе ішкі су жолдарында тұрған кемесіне қатысты мәжбүр етушілік шараларын қолдануды, мүлікке тыйым салу немесе оның қайсыбір тергеу жүргізуді көздеген болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органы бұл туралы консулдық қызмет адамына оның осындай шараларды қабылдауда қатысуға мүмкіндігі болу үшін алдын ала хабарлайды. Егер де консулдық қызмет адамын алдын ала хабарлауға мүмкіндік болмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары аталған іс-шаралар басталардан қалдырмай тез арада хабарлайды. Егер консулдық қызмет адамы осындай шараларды қабылдау кезінде қатыса алмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары оның өтініші бойынша оған орын алған жағдайға қатысты толық мәлімет береді. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамына ұсталған немесе қамауға алынған адаммен кездесуге және онымен байланысуға, сондай-ақ осы адамның мүддесін қорғау мақсатында тиісті шараларды қабылдауға жеңілдетеді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі кеме капитаны немесе экипаждың басқа мүшелері консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарымен жауап алуына тиісті болса, онда осы жағдайда да қолданылады.
3. Осы баптың ережесі әдеттегі шекара, кедендік және санитарлық бақылауға, сондай-ақ кеме капитанының өтініші немесе келісімі бойынша қайсыбір қолданған іс-қимылдарға қолданылмайды.
48-бап
Егер де консулдық орналасқан мемлекеттің азаматы болып табылмайтын экипаж мүшесі капитанның рұқсатынсыз өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесін тастап кетсе, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамының өтініші бойынша осындай адамды іздестіруге көмек береді.
49-бап
1. Егер де өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесі қақтығысқа ұшыраса, таязға тұрып қалса немесе жағада қалса немесе қайсыбір басқа апатқа ұшыраса немесе апатқа ұшыраған кеме жүгінің бөлігін құрайтын қайсыбір зат консулдық орналасқан мемлекеттің су жағасында немесе су жағасына жақын жерде табылса немесе осы мемлекеттің портына жеткізілсе, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары бұл жайлы тез арада консулдық қызмет адамына хабарлайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары кемені құтқаруды және күзетуді кемедегі жолаушыларды, экипажды, кеме жабдықтарын, жүкті, запастарды және өзге заттарды құтқару жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған кемеден тыс қалған бірақ кеменің бір бөлігі немесе оның жүгі болып табылатын заттар да жатады. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған қайсыбір шаралар жайлы қысқа мерзімде консулдық қызмет адамына хабарлайды.
3. Консулдық қызмет адамы апатқа ұшыраған кемеге, оның экипажына және жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетуі мүмкін. Осы мақсатта ол консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарына көмек көрсетуге өтініш жасауы мүмкін.
Консулдық қызмет адамы осы баптың 2-тармағындағы аталған шараларды қолдануы мүмкін немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарына осындай шараларды қолдануға немесе қолданған шараларды жалғастыруға өтініш жасауы мүмкін.
4. Егер де өкілдігін жіберген мемлекеттің апатқа ұшыраған кемесі немесе осы кемеге қатысты қайсыбір зат, консулдық орналасқан мемлекеттің су жағында немесе су жағасынан жақын жерде табылса немесе осы мемлекеттің портына жеткізілсе және не кеме капитаны, не оның иесі, не оның агенті, не тиісті сақтандырушы осы кемені немесе затты сақтауға немесе иелік етуге мүмкіншілігі болмаса, онда консулдық қызмет адамы кеменің иесі атынан осындай жағдайда кеме иесі қабылдайтын шара қабылдауға өкілді.
Осы тармақтың ережесі осы кеме жүгінің бөлігін құрайтын қайсыбір затқа тиісті қолданылады.
5. Егер де өкілдігін жіберген мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің апатқа ұшыраған кеме жүгінің бөлігін құрайтын қайсыбір зат өкілдігін жіберген мемлекет азаматының меншігі болып табылса және консулдық орналасқан мемлекеттің су жағасынан жақын табылса немесе осы мемлекеттің портына жеткізілсе және не капитан, не оның иесі, не оның агенті, не тиісті сақтандырушы осы затты сақтауға немесе иелік етуге шара қабылдауға мүмкіндігі болмаса онда консулдық қызмет адамы кеме иесі атынан осы мақсат үшін кеме иесінің қабылдайтын шараларын қабылдауға өкілді.
50-бап
Осы Конвенцияның 44-49-баптарының ережелері Уағдаласушы тараптардың арасындағы қолданыстағы азаматтық авиация саласындағы екі жақты немесе көп жақты келісімдердің ережелеріне қайшы келмейтін болса, онда осыған сәйкес әуе кемелеріне де қолданылады.
51-бап
1. Осы Конвенцияның ережелері дипломатиялық өкілдіктің консулдық міндеттерін орындаған жағдайда оның мәтінінен туындайтын дәрежедегідей де қолданылады.
2. Консулдық бөлімге тағайындалған немесе өзге жағдайда өкілдіктің
консулдық міндеттерін орындау тапсырылған дипломатиялық өкілдік
қызметкерлерінің аты-жөні консулдық орналасқан мемлекеттің Сыртқы істер
министрлігіне немесе осы министрлік атаған органға хабарланады.
3. Дипломатиялық өкілдік консулдық міндеттерін орындау кезінде:
a) консулдық округтің жергілікті өкімет орындарына;
b) консулдық орналасқан мемлекеттік орталық өкімет орындарына өтініш
жасай алады.
4. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің осы баптың 2-тармағында
айтылған артықшылықтары мен иммунитеттері дипломатиялық қарым-қатынастарға
қатысты халықаралық құқықтық нормалармен реттелуін жалғастырады.
V бөлім
Қорытындылау ережелері
52-бап
1. Осы Конвенция бекітілуге жатады және бекіту грамоталарымен
алмасқаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді, бұл__________________
жасалады.
2. Осы Келісім беймәлім мерзімге жасалып отыр және алдағы уақытта
Уағдаласушы тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа осы Конвенцияның
қолданысын өзінің тоқтататын ниеті туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап
алты ай өткенге дейін күшінде болады.
Осыған куә ретінде Уағдаласушы Тараптардың өкілдері осы Конвенцияға
қол қойды және оны мөрлерімен бекітті.
Варшава қаласында 1997 жылғы 27 қарашадағы екі данада болып,
әрқайсысы қазақ және поляк тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің
күші бірдей.
Қазақстан Поляк
Республикасының Республикасының
атынан атынан