Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік
Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы
келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік
Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық
туралы келісімді бекіту туралы
1997 жылғы 26 қарашада Бонн қаласында (ГФР) жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі
арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі
арасындағы
техникалық ынтымақтастық туралы
Келісім
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі -
екі мемлекет пен олардың халықтары арасындағы болып жатқан достық
байланыстар негізінде,
өз мемлекеттерінің және халықтарының экономикалық және әлеуметтік
дамуын қолдау жөніндегі мүддесін ескере отырып,
әріптестік техникалық ынтымақтастық жолымен қатынастарды тереңдету
ниетімен,
төмендегілер туралы келісті:
1 Бап
(1) Уағдаласушы Тараптар өз халықтарының экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау мақсатымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
(2) Бұл Келісім Уағдаласушы Тараптар арасындағы ынтымақтастық жүзеге асырудың жалпы ережелерін белгілеп береді, Уағдаласушы Тараптар техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша (бұдан былай "жобалық келісімдер" деп аталатын) қосымша келісімдер жасаса алады. Бұл орайда Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз еліндегі ынтымақтастық жобасы үшін өзі жауап береді. Жобалық келісімдерде жобаның бірлескен тұжырымдамасы жазылады, ол атап айтқанда жобаның мақсатын, Уағдаласушы Тараптардың
міндеттемелерін, қатысушылардың міндеттері мен ұйымдық мәртебесін,
сондай-ақ жобаның орындалу кестесін қамтиды.
2 Бап
(1) Жобалық келісімдер Германия Федеративтік Республикасының мынадай
салаларды қолдауын көздей алады:
а) Қазақстандағы оқу білім, консультациялық ғылыми-зерттеу және басқа
мекемелерді;
ә) жоспарлар, ізденістер мен сараптауды;
б) ынтымақтастық Уағдаласушы Тараптар арасында өзара келісілетін
басқа да салаларын.
(2) Қолдау өзара келісілетін басқа да салаларын:
а) мамандарды, мәселен, нұсқаушыларды, консультанттарды, сараптау жөніндегі кәсіпқойларды, сарапшыларды, ғылыми және техникалық персоналды, жобаға көмектесушілерді және қосалқы персоналды жіберу жолымен; Германия Федеративтік Республикасының тапсырмасы бойынша жіберілетін бүкіл персонал бұдан былай "жіберілген мамандар" деп аталады;
ә)(бұдан былай "материалдар" деп аталатын) материалдар мен жабдықтар беру жолымен;
б) мамандар мен басшы кадрларды және ғалымдарды Қазақстан Республикасында, Германия Федеративтік Республикасында және басқа елдерде әзірлеу және біліктілігін арттыру жолымен;
в) немесе басқа лайықты жолмен жүзеге асырылады.
3. Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі жүзеге асырылуын өзі қолдайтын жобалар жөніндегі төмендегі міндеттемелердің орындалуына байланысты шығындарды, егер жобалық келісімдерде одан басқа нәрсе көзделмесе, өзі көтереді:
а) жіберілген мамандардың еңбекақысын төлеуді;
ә) егер жіберілген мамандарды және олардың отбасы мүшелерін орналастыруға байланысты шығындарды олардың өздері көтермесе;
б) жіберілген мамандардың Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлердегі қызмет бабындағы жүрістерін;
в) Баптың осы 2-тармағының "ә" тармақшасында аталған материалдарды алуды;
г) Баптың осы 2-тармағының "ә" тармақшасында аталған материалдарды жоба жүзеге асырылатын жерге дейін тасымалдау мен сақтандыруды осы Келісімнің 3-бабының 2-тармағында көрсетілген қоймадағы материалдарды сақтағаны үшін алынатын алымдар мен төлемдер бұған жатпайды;
д) қазақстандық мамандар мен басшы кадрларды және ғалымдарды Германияда қолданылып жүрген критерийлерге сәйкес әзірлеу және біліктілігін арттыруды.
(4) Егер жобалық келісімдерде одан басқа нәрсе көзделмесе, онда Германия Федеративтік Республикасының тапсырмасы бойынша әкелінген жобаларға алынған материалдар Қазақстан Республикасына келісімен оның меншігіне өтеді. Материалдар ешқандай шектеусіз қолдау көрсетілетін жобалардың және жіберілген мамандардың билігіне солардың міндеттерін орындау үшін көшеді. Мұндай өкілетті кураторлар, ұйымдар немесе мекемелер бұдан былай "орындаушылар" деп аталады.
3 Бап
Қазақстан Үкіметі жобалар жөнінде төмендегі міндеттемелерді өз мойнына алады:
(1) Ол Қазақстанда жүзеге асырылатын жобаларға қажетті жер учаскелері мен ғимараттарды, егер Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өз есебінен жабдығын жеткізіп бермесе, жабдығымен қоса өз есебінен бөліп береді.
(2) Ол Германия Федеративтік Республикасының тапсырмасы бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін әкелінген материалдарды лицензиялық айлақтық, импорттық, экспорттық және басқа мемлекеттік алымдардан, сондай-ақ оларды қоймада сақтағаны үшін төлеуден босатады және материалдардың кідіріссіз кедендік ресімделуін қамтамасыз етеді.
(3) Ол жобаларды іске асыруға байланысты туындайтын және осы Келісімнің 2-Бабы, 2-тармағының "ә" тармақшасына сәйкес жеткізілетін материалдарға қатысты пайдалану-жөндеу шығындарын көтереді.
(4) Ол өз есебінен қажетті мамандармен, қосалқы қызметкерлер қамтамасыз етеді. Бұл үшін жобалық келісімдерде тиісті кестелер көрсетілуге тиіс.
(5) Жіберілген мамандар жүзеге асырып жатқан міндеттердің орындалуын ол Қазақстан Республикасының мамандары мүмкіндігінше тезірек жалғастыруын қамтамасыз етеді. Егер соңғылар үшін осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасында, Германия Федеративтік Республикасында немесе басқа елдерде дайындап шығару немесе біліктілігін арттыру көзделген болса, ол Алматыдағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігімен немесе Елшілік атаған мамандармен келісе отырып, дайындықтан немесе біліктілігін арттырудан өтуге тиісті жеткілікті кандидаттарды дер кезінде таңдап алады. Ол дайындықтан немесе біліктілігін арттырудан өткеннен кейін тиісті жобалар шеңберінде бес жыл жұмыс істеуге өзінің алдында міндеттеме алған кандидаттарды ғана таңдап алады және мамандарды тиісті ақымен қамтамасыз етеді.
(6) Ол осы Келісімнің шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дайындықтан және біліктілігін арттырудан өтудің нәтижесінде алған білім туралы құжаттарын (оқыту туралы сертификаттарын) олардың біліктілік деңгейіне сәйкес мойындайды және осы тұлғаларға олардың білімдеріне сәйкес жұмысқа орналасу, жұмыста жоғарылау, карьера жасау мүмкіндіктерін қарастырады.
(7) Ол өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде жіберілген мамандарға мүмкіндігінше қолдау көрсетеді және барлық қажетті құжаттаманы солардың қолына береді.
(8) Ол жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық қызметтерді жасауды қамтамасыз етеді, бұған жобалық келісімдерге сәйкес Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі көрсетуге тиіс қызметтер кірмейді.
(9) Ол Қазақстан Республикасының осы Келісімді және жобалық келісімдерді жүзеге асыруға қатыстырылған барлық мекемелерін олардың мазмұны туралы қолма-қол және толық хабар берумен қамтамасыз етеді.
4 Бап
(1) Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі жіберілген мамандардың:
а) осы Келісімде көрсетілген мақсаттарға жетуге көмектесе отырып өздерінің жұмыстарына байланысты жасасқан шарттар шеңберінде бар күшін салуға;
ә) Қазақстан Республикасының ішкі істеріне араласпауға;
б) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарды сақтауға және елдің әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерін құрметтеуге;
в) өздеріне тапсырылған экономикалық қызметтен өзге нәрсемен айналыспауға;
г) Қазақстан Республикасының ресми мекемелерімен өзара сенімділік жағдайында ынтымақтасуға міндетті болуын қамтамасыз етеді.
(2) Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі жіберілетін мамандардың әрқайсысына оны жібергенге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті келісімін алудың шараларын жасайды. Орындаушылар өздері таңдап алған маманды жіберу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімін сұрап, өтінішке тиісті өмірбаянды қоса тіркеп жібереді. Екі ай ішінде Қазақстан Республикасы тарапынан қарсылық түспесе, ол келісім ретінде саналады.
(3) Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі жіберілген маманның біреуін қайтаруды қаласа, ол Германия Федеративтік Республикасының Үкіметіне тілегінің себептерін дер кезінде хабарлайды. Дәл осылай Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі де неміс жағынан жіберілген маманның біреуін шақыртып алу туралы ниетін Қазақстан Республикасы Үкіметіне дер кезінде хабарлайды.
5 Бап
(1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттардың 1945 жылғы 13 ақпандағы артықшылықтар мен иммунитеттер туралы Конвенция ережелеріне, 1947 жылы 21 қарашадағы Біріккен Ұлттардың (мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға және Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) арасындағы 1994 жылғы 4 қазандағы Келісімге сәйкес жіберілген мамандарға және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне БҰҰ-ы мен оның мамандандырылған мекемелерінің сарапшыларына берілетіндей артықшылықтар мен иммунитеттерді береді.
(2) ол:
а) осы Келісімге сәйкес өздеріне тапсырылған міндеттерді орындауға байланысты мамандар келтірген зиян үшін олардың орнына өзі жауапты болады, басқаша айтқанда жіберілген мамандарды кінәлауға болмайды; Қазақстан Республикасы қандай құқықтық негізде болса да жіберілген мамандарға қасақана зиян келтірген немесе жөнсіз абайсыздыққа жол берген жағдайда ғана зиянның орнын толтыру жөнінде талап қоя алады;
ә) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларды іс-әрекеттеріне немесе қателіктеріне байланысты кез-келген қамауға алудан немесе бас бостандығын айырудан босатады, бұл қателіктерге осы келісімге сәйкес өздеріне тапсырылған міндеттерді орындауға байланысты ауызша айтылған немесе жазылған сөздері де жатады.
б) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың кез-келген уақытта елге келуге және елден кету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
(3) Салықтар мен басқа да алымдардан Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша осы Келісім шеңберінде жолдау шараларын жүзеге асырып жатқан, мекен-жайы Қазақстанда емес фирмаларға төленетін сыйақылар да босатылады.
6 Бап
Осы Келісімінің күші Уағдаласушы Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастық жобаларына да жүреді, Осы Келісім күшіне кірген сәтте Тараптар оны жүзеге асыруда еді.
7 Бап
(1) Уағдаласушы Тараптар дипломатиялық арналар бойынша Келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі ресімдердің орындалуы туралы бір-біріне хабарлайды. Келісім екі хабардың соңғысы келіп түскен күні күшіне енеді.
(2) Осы Келісім бес жыл бойы күшінде болады. Егер Уағдаласушы
Тараптардың бір де біреуі оның қолданылу мерзімі біткенге дейінгі үш айдан
кешіктірмей оның күшін тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша түрде
білдірмесе, оның қолданылу мерзімі өзінен-өзі бір жылға ұзартылады.
(3) Осы Келісімнің қолданылу мерзімі біткенде, оның ережелері
техникалық ынтымақтастықтың басталған жобаларына байланысты күшінде болады.
1997 жылғы қарашада Бонн қаласында екі данада жасалған, әрқайсысы
қазақ, неміс және орыс тілдерінде, және барлық мәтіндердің күші бар. Қазақ
және неміс мәтіндері әртүрліше түсіндірілген жағдайда, орысша мәтін шешуші
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік
Үкіметі үшін Республикасының
Үкіметі үшін
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.