Мемлекеттік өкімет пен басқарудың жоғары органдарының республиканың астанасы Астана қаласына орналасуы жөніндегі бірінші кезекті шаралардың аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры (келісім бойынша) өкілдерінің құрамында "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорын тарату жөнінде комиссия құрсын.
3. Тарату комиссиясы:
қордың қызметі кезеңіне арналған қаржы есептілігін жасауды қамтамасыз етсін және ресми баспасөз басылымдарында "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының қызметі туралы есеп жарияласын;
1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының қалған ақшасын республикалық бюджеттің кірісіне аударсын;
"Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының меншігіндегі не жедел басқаруындағы өзге мүлікті тарату рәсімдері аяқтағаннан кейін, Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының балансына берсін.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1998 жылдың 20 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
"Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының таратылуына байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заңның жобасын;
"Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының таратылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанына дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
"Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының таратылуына
байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы қаулының жобасын;
ұлттық лотереяларды өткізуден алынатын қаражатты бөлу туралы ұсыныс
енгізсін.
6. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1225 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қоры туралы" 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 наурыздағы N 335 P960335_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 13, 98-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының шотын Қазақстан Республикасының Халық банкіне аудару туралы" 1996 жылғы 19 ақпандағы N 212 P960212_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 59-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жаңа астана" республикалық
бюджеттен тыс қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулерді қаржыландыру мен
кредиттеудің Ережелерін бекіту туралы" 1996 жылғы 1 қазандағы N 1197
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40,
376-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жаңа астана" республикалық
бюджеттен тыс қорының Байқаушы кеңесі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1740
қаулысы.