"Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1197. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.02. N 1225 қаулысымен. ~P981225

 


     "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 


P951582_



қаулысын орындау үшiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен

қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң қоса берiлiп

отырған Ережесi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 1 қазандағы

                                           N 1197 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН


            "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан

     жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң

                               ережелерi


            I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын абаттандыру және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi шығындарды "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры (бұдан әрi - Қор) есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң қаулыларына, осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қор қаражаты есебiнен жұмыстарды қаржыландыру мен кредиттеу агенттiк келiсiмге сәйкес өкiлеттi банк арқылы жүзеге асырылады.
 
             II. Қор қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шығындар
      3. Қор қаражаты тек қана Қазақстан астанасын көшiру және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының және Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) шешiмдерiнде көзделген шығындарды қаржыландыруға жұмсалады және осы Ережеде қарастырылғаннан басқа мақсаттарға алып қоюға немесе жұмсауға жатқызылмайды.
 
             III. Қор қаражатын пайдалануға қатысты жұмыстарға
                          қатысушы субъектiлер
      4. Тапсырыс берушiлер:
      Ақмола қаласына қоныс аударуға жататын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Комиссияның айқындауы бойынша Алматы қаласының және оның ықпал аймағының қазiргi заманғы инфрақұрылымын жасау жөнiндегi жекелеген жұмыс түрлерiн орындау жүктелген басқа да заңды тұлғалар.
      5. Мердiгерлер:
      кез-келген заңды тұлғалар, соның iшiнде нақты объектi бойынша мердiгерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына ие болу конкурсында ұтып шыққан шетелдiк заңды тұлғалар;
      Комиссия жекелеген жұмыс түрлерi мен объектiлердi орындау үшiн белгiлеген заңды тұлғалар.
      6. Қорды бөлушi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы.
 
             IV. Қор қаражатын берудiң негiздемесi
      7. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген Бағдарлама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы мен Комиссияның шешiмдерi Қор қаржысын беру үшiн негiздеме болып табылады.
 
             V. Қаржыландыру ашудың тәртiбi
      8. Қордың қаражаты есебiнен қаржыландыру мен кредиттеу үшiн тапсырыс берушi өкiлеттi банкке ағымдағы жылда жаңадан басталатын құрылыстардың күрделi құрылысының жоспары мен титулдық тiзiмдерiн бередi.
      9. Өкiлеттi банк белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманың кейiн берiлуiмен жобалау-iздестiру, өлшеу-зерттеу жұмыстарын, құрылысты, жабдық сатып алуды бiрге қаржыландыруды жүргiзедi.
 
             VI. Қор қаражатын берудiң тәртiбi
      10. Комиссия өзiнiң шешiмiмен егер олар Бағдарламада айқындалмаған болса, жекелеген жұмыс түрлерiн орындау жөнiндегi тапсырыс берушiлердiң функциясын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және орталық атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа да заңды тұлғаларға бекiтiп бередi. Тапсырыс берушiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiлген жұмыстардың түпкi нәтижелерi үшiн жауап бередi.
      11. Тапсырыс берушiлер белгiленген тәртiппен тендер құжаттамасын әзiрлейдi, жобалау және құрылыс жұмыстарына тендер өткiзедi.
      12. Тендер жеңiмпазы анықталғаннан кейiн тапсырыс берушiмен контракт жасалады.
      13. Тендер нәтижесiнде теңгеде және АҚШ долларында айқындалған сома түпкiлiктi болып табылады және контракт жасау кезiнде өзгертуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының шешiмi бойынша Қор қаражаты тендер жариялаусыз, ал министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың өз қаражаттары - Комиссияның шешiмi бойынша берiлiне алады.
      14. Белгiленген тәртiп бойынша рәсiмделген қаржыландыру немесе кредиттеу шарты мердiгердiң кепiлдiк мiндеттемесiн қоса алғанда, контрактiлiк құжаттама толық көлемiнде өкiлеттi банкке берiледi.
      15. Барлық заңды тұлғалар - тапсырыс берушiлер бөлiнген мақсатты кредит қаражатын қайтарудың мерзiмдерi мен шарттарына сәйкес өкiлеттi банкпен кредиттiк шарт жасайды. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қайтарымсыз негiзде қаржыландырылады.
 
             VII. Қор қаржыларын пайдаланудың тәртiбi
      16. Күрделi құрылыстағы қаржыландыруды, кредиттеудi және есеп айырысуды, сондай-ақ ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты жұмыстарды қаржыландыруды смета бойынша бекiтiлген тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға арналған контрактiде көзделген көлемде өкiлеттi банк арқылы Қор жүзеге асырады.
      17. Мердiгерлiк ұйымдарға құрылыс материалдарын дайындауға берiлетiн жыл сайынғы аванс сомасы атқарылған жұмыстар көлемiнiң 50 процентiнен аспауы тиiс және басқа мақсаттарға жұмсалынуы мүмкiн емес, қарыздарды және мiндеттi төлемдердi төлеуге алып қоюға жатпайды.
      Тапсырыс берушiлер мен мердiгерлiк құрылыс-монтаж ұйымдарының арасындағы есеп айырысулар мердiгер шарттарының негiзiнде жүргiзiледi.
      Орындалған жұмыс көлемi үшiн тапсырыс берушiмен мердiгер қол қойған орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының құны туралы анықтаманың негiзiнде мердiгерлiк ұйымдардың өзге шығыстары мен шығындарын ескере отырып ай сайын есеп айырысулар жүргiзiледi.
      18. Тапсырыс берушi мен жобалау ұйымдары арасындағы есеп айырысулар орындалған жобалық жұмыстардың кезең-кезеңi бойынша объектiлер бойынша жүзеге асырылады. Түпкiлiктi есеп айырысу әзiрленген құжаттамалар бойынша сараптаманың қосымша оң қорытындысы алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
      Жобалау-iздестiру жұмыстарына арналған шарттарда жылдық жұмыс көлемiнiң 40 процентi мөлшерiнде аванс қарастырылуы мүмкiн.
      19. Қордың пайдаланылмаған қаржысы жыл бойында өкiлеттi банктiң арнайы шотында қалады және келесi жылға ауыстырылады.
 
             VIII. Қор қаражатын пайдалануға бақылау жасау
      20. Қор қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды Қордың Байқаушы кеңесi және өкiлеттi банк жүзеге асырады. Осы қаражаттың мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
      21. Өкiлеттi банк Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының және Қордың келiсiмi бойынша орындалған жұмыстардың көлемiне бақылау өлшемдерiн жүргiзедi, кемшiлiктер анықталған кезде алынған артық сомалар Қор есебiнен қалпына келтiрiледi, ал тапсырыс берушiден айыппұл сомасы қосылып жазылған соманың 10 процентi мөлшерiнде Қордың кiрiсiне өндiрiлiп алынады.
 
             IХ. Қор қаражатын пайдалану шарттарын бұзғаны үшiн
                            жауапкершiлiк
      22. Қордың қаражатын пайдалану шарттарын және шарт мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн кiнәлiлер Қазақстан Республикасы заңдарына және осы Ережеге сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      23. Шарттар және контрактiлер жасау кезiнде осы тарауда айтылған жауапкершiлiк шаралары шарттық және контрактiлiк құжаттаманың мәтiнiне мiндеттi түрде енгiзiлуге жатады.
 
             Х. Қор қаражатын пайдалану кезiндегi ерекше шарттар
      24. Шетел инвестицияларын тартуға арналған контрактiлердi жасау кезiнде оларды пайдаланудың мiндеттi мынадай шарттары:
      қазақстандық құрылыс және жобалау ұйымдары кемiнде 30 процент;
      қазақстандық кәсiпорындардың өнiмдерi, жұмыстары және қызмет көрсетулерi кемiнде 30 процент болуы тиiс.
      25. Қазақстанға шетел жұмыс күшiнiң әкелiнуiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң органдары жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады