"Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1311

     Ақмола облысының N 3 (Заозерный кенті), N 4 (Красногор кенті) және Солтүстік Қазақстан облысының N 5 (Саумалкөл кенті) уран өндіруші кеніш басқармаларының объектілерінде және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша экологиялық қауіпсіздікті және халықты денсаулыққа қауіпті радиоэкологиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істемейтін уран кеніштерін консервациялау, оларды және уран кен орындарын игерудің зардаптарын жою, техногендік уран қалдықтарын көму жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның уран өнеркәсібінің консервацияланған жұмыс істемейтін кәсіпорындарының шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингі мен мемлекеттік мүлкінің сақталуын және олардың мақсатты қаржыландырылуы мен бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N  1215   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   қаулысымен .

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 
      Кәсіпорынның негізгі мақсаты жұмыс істемейтін уран кеніштерін консервациялау мен таратуды, техногенді уран қалдықтарын көму және Қазақстан Республикасында қоршаған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында бүлінген жерлерді қайта культивациялау, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты есебінен консервацияланған уран кеніштерінің шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингін жүзеге асыру және оларды қорғау болып белгіленсін.
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын, Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы (уәкілетті орган) болып белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N  1215   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   қаулысымен .

        2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жарғылық қорды қалыптастырсын; 
      Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен тіркесін; 
      Кәсіпорынның басшысын тағайындасын; 
      Кәсіпорынның жарғысын тіркегеннен кейін оны Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне кіргізу туралы ұсыныс енгізсін; 
      Кәсіпорынның, оны белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісіп, Ақмола облысындағы N 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5 өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуін және бекітуін қамтамасыз етсін; <*>
      осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.06. N  1349   қаулысымен

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңында несиелендіруге көзделген қаражаттың есебінен, Солтүстік Қазақстан облысындағы N 3 және 5 уран өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша Кәсіпорынға несие беру үшін, "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына 74200,0 (жетпіс төрт млн. екі жүз) мың теңге, оның ішінде: 
      1) N 3 кеніш басқармасы үшін - 27700 мың теңге; 
      2) N 5 кеніш басқармасы үшін - 46500 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлсін.

      3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға қосымшаға сәйкес N 3, 4 және 5 кен басқармалары таратылғаннан кейін қалған консервацияланған объектілерді беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N  1215   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   қаулысымен .

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О создании Республиканского государственного предприятия "Уранликвидрудник"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 1998 года № 1311

      В целях проведения мероприятий по консервации, ликвидации недействующих урановых рудников и последствий разработки урановых месторождений, захоронению техногенных урановых отходов на объектах уранодобывающих рудоуправлений N 3 (поселок Заозерный), N 4 (поселок Красногорский) Акмолинской области и N 5 (поселок Саумалколь) Северо-Казахстанской области и по всей территории Республики Казахстан для обеспечения экологической безопасности и защиты населения от опасных для здоровья радиоэкологических воздействий, а также в целях обеспечения пострекультивационного (ликвидационного) мониторинга и сохранности государственного имущества законсервированных недействующих предприятий урановой промышленности Казахстана и их целевого финансирования и контроля за использованием бюджетных средств Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ <*> 
      Сноска. Преамбула в редакции - постановлением Правительства РК от 6 сентября 2000 г. N 1349   P001349_ от 8 декабря 2005 года N  1215 .
      1. Создать Республиканское государственное предприятие "Уранликвидрудник" (далее - Предприятие) на праве хозяйственного ведения. 
      Основным назначением Предприятия определить консервацию и ликвидацию недействующих урановых рудников, захоронение техногенных урановых отходов и рекультивацию нарушенных земель с целью восстановления экологического равновесия окружающей природной среды в Республике Казахстан, а также осуществление пострекультивационного (ликвидационного) мониторинга и охрану законсервированных урановых рудников, за счет средств республиканского бюджета, в соответствии с законом о республиканском бюджете на соответствующий год. 
      Определить Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан органом государственного управления Предприятием.  <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 декабря 2005 года N  1215 .
        2. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан: 
      совместно с Департаментом по государственному имуществу и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан сформировать уставной фонд; 
      утвердить Устав Предприятия и зарегистрировать его в порядке, установленном для государственной регистрации юридических лиц; 
      назначить руководителя Предприятия; 
      после регистрации Устава Предприятия внести предложение о его включении в Перечень республиканских государственных предприятий; 
      обеспечить разработку и утверждение Предприятием проектно-сметной документации по консервации урановых рудников и ликвидации уранодобывающих рудоуправлений № 3, N 4 Акмолинской области и 5 Северо-Казахстанской области, предварительно согласовав ее с заинтересованными государственными органами в установленном порядке; 
      принять другие меры, вытекающие из данного постановления. 
      Сноска. В пункт внесены изменения - постановлением Правительства РК от 6 сентября 2000 г. N 1349  P001349_
      3. Министерству финансов Республики Казахстан выделить средства в размере 74200,0 (семьдесят четыре млн. двести тысяч) тысяч тенге акционерному обществу "Агентство по реорганизации и ликвидации предприятий" для предоставления Предприятию кредита по нулевой ставке вознаграждения ( интереса) на проведение неотложных мероприятий по консервации урановых рудников и ликвидации уранодобывающих рудоуправлений № 3 и 5 СевероКазахстанской области, за счет ассигнований, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 9 декабря 1997 года  Z970201_ "О республиканском бюджете на 1998 год" на кредитование, в том числе: 
      1) для рудоуправления № 3 - 27700 тысяч тенге; 
      2) для рудоуправления № 5 - 46500 тысяч тенге. 
       3-1. Министерству финансов Республики Казахстан совместно с Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить передачу Предприятию законсервированных объектов, оставшихся после ликвидации рудоуправлений N 3, 4 и 5, согласно приложению.  <*>
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 3-1 - постановлением Правительства РК от 8 декабря 2005 года N  1215 .
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Павлова А.С.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

       Премьер-Министр
     Республики Казахстан