Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 1215 Қаулысы

      Экологиялық қауіпсіздікті, халықты денсаулыққа қауіпті радиоэкологиялық әсерлерден қорғауды, консервацияланған (таратылған) жұмыс істемейтін кеніштердің сақталуы мен радиациялық мониторингін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1311  қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақмола облысының N 3 (Заозерный кенті), N 4 (Красногор кенті) және Солтүстік Қазақстан облысының N 5 (Саумалкөл кенті) уран өндіруші кеніш басқармаларының объектілерінде және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша экологиялық қауіпсіздікті және халықты денсаулыққа қауіпті радиоэкологиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істемейтін уран кеніштерін консервациялау, оларды және уран кен орындарын игерудің зардаптарын жою, техногендік уран қалдықтарын көму жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның уран өнеркәсібінің консервацияланған жұмыс істемейтін кәсіпорындарының шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингі мен мемлекеттік мүлкінің сақталуын және олардың мақсатты қаржыландырылуы мен бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ";
      1-тармақта:
      екінші абзацта:
      "шығынды" деген сөз "жұмыс істемейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінде "аймақта қоршаған табиғи ортаның экологиялық тепе-теңдігін" деген сөздер "Қазақстан Республикасында қоршаған экологиялық тепе-теңдікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қайта культивациялау" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты есебінен консервацияланған уран кеніштерінің шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингін жүзеге асыру және оларды қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға қосымшаға сәйкес N 3, 4 және 5 кен басқармалары таратылғаннан кейін қалған консервацияланған объектілерді беруді қамтамасыз етсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2005 жылғы 8 желтоқсандағы  
N 1215 қаулысына қосымша   

       N 3, 4 және 5 кен басқармалары уран кеніштерінің
          консервацияланған объектілерінің тізбесі

                                 N 3 кен басқармасы

N 8 кеніш         - иондаушы сәулелену көздері қоймасының ғимараты;
                  - тауарлық уран кенішінің көму пункті;
                  - N 1 және 2 тауарлық кені аз уран кенінің
                    үйінділері;
                  - аралас үйінді;
                  - N 4, "К" және "С" шахталарының оқпандары.

N 9 кеніш         - N 1, 2 және 3 тауарлық уран кенінің үйінділері;
                  - тауарлық кені аз уран кенінің үйіндісі;
                  - N 1 және 2 аралас үйінділер;
                  - N 2, 3, 9 шахталардың оқпандары және N 5 карьер.

                                 N 4 кен басқармасы

N 1 және          - аралас үйінді; 
N 2 кеніштер      - тауарлық кені аз уран кенінің үйіндісі және
                    N 2 шахтаның оқпаны;
                  - тауарлық кені аз уран кенінің үйіндісі және
                    N 4 шахтаның оқпаны;
                  - аралас үйінді және N 6 шахтаның оқпаны;
                  - тауарлық кені аз уран кенінің үйіндісі және
                    N 8 шахтаның оқпаны;
                  - N 1 шахтаның оқпаны.

N 3 кеніш         - тауарлық кені аз уран кенінің үйіндісі;
                  - тауарлық және тауарлық кені аз уран кені
                    қоймаланған жинағыш-тоған;
                  - N 2, 3, 4, 5 шахталардың оқпандары.

                                N 5 кен басқармасы

N 12 кеніш        - N 1 және 2 тауарлық кені аз уран кенінің
                    үйінділері;
                  - аралас үйінді;
                  - "Г" және "В" шахталарының оқпандары;
                  - тиеу алаңынан таразы ғимаратына дейінгі
                    темір жолдың төгіндісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады