Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің
арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия
Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль
қатынасы туралы келісімді бекіту туралы
1998 жылғы 19 мамырда Алматы қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы
халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Латвия Республикасы Үкіметінің
арасындағы халықаралық автомобиль
қатынастары туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі,
бұдан былай Келісуші Тараптар деп аталады,
екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қолайлы дамуына
көңіл аудара отырып,
екі елдің арасында, сондай-ақ олардың аумағы арқылы транзитті автомобиль қатынасын бұдан әрі дамыту талабын басшылыққа ала отырып,
өзара пайда мен тиімді табыс көру мақсатымен осы Келісімді жасауды шешті.
1-бап
1. Осы Келісімге сәйкес екі ел арасында, олардың аумағы арқылы транзиттік және үшінші елдерге жолаушылардың жүйеленген және жүйеленбеген автобус тасымалдаулары мен тіркемелі және жартылай тіркемелі немесе оларсыз автомобильдермен жүк тасымалдаулар жүзеге асырылады.
2. Келісуші Тараптардың мыналар осы Келісім шеңберіндегі құзырлы
органдары болып табылады:
- Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі;
- Латвия Республикасында - Латвия Республикасының қатынас министрлігі.
Жолаушыларды тасымалдау
2-бап
1. Жолаушыларды автобустармен жүйелі тасымалдау Келісуші Тараптардың құзырлы органдары арасындағы келісімі бойынша және олардың өзара келісуі бойынша берілетін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Осындай тасымалдарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Келісуші тараптардың құзырлы органдарымен дер кезінде бір-біріне тапсырылады. Осындай ұсыныстарда мына мәліметтер болуы тиіс:
а) тасымалдаушының (фирманың) аты,
б) сапар маршруты,
в) қозғалыс кестесі,
г) тарифі,
д) тасымалдаушының жолаушыларды отырғызатын және түсіретін аялдама пункттері, сондай-ақ тасымал орындау болжанған кезеңі мен жүйелілігі.
3. Келісуші тараптардың құзырлы органдары олардың мемлекеттерінің аумағы бойынша өтетін жол бөлшегіне ғана рұқсат береді.
3-бап
1. Осы Келісімнің 4-бабында қарастырылған тасымалдауды қоспағанда, екі елдің арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жолаушыларды автобуспен жүйелі тасымалдауды жүзеге асыру үшін Келісуші Тараптардың құзырлы органдарымен берілетін рұқсаттар талап етіледі.
2. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдауына рұқсат беру туралы сұранымы екінші Келісуші Тараптың құзырлы органына тасымалдаушы арқылы жіберіледі.
3. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған рұқсаттар әрбір жағдайда солай және кері қарай бір рейс жасауға құқық береді.
4-бап
1. Осы Келісімдегі 3 баптың 1 тармағында қарастырылған рұқсаттар жолаушылардың автобуспен жүйеленбеген тасымалдауын орындау үшін мына жағдайларда талап етілмейді:
а) автобус тіркелген Келісуші Тарап мемлекетінің аумағында басталатын
және аяқталатын бүкіл жол бойында біркелкі құрамды жолаушылар тобы сол бір
автобуспен тасымалданған жағдайда;
б) егер жүйеленбеген транзиттік тасымалдау "жабық есік" түрінде
жүзеге асырылған жағдайда;
2. Бұзылған автобус басқа автобуспен ауыстырылған жағдайда, рұқсат
талап етілмейді.
3. Осы баптың 1 тармағында қарастырылған тасымалдау орындалған кезде,
автобус жүргізушісінде сапар басталғанға дейін толтырылған жолаушыларды
тасымалдау формуляры болуы тиіс.
Жүктерді тасымалдау
5-бап
1. Екі ел арасында немесе олардың аумағы бойынша транзитпен, сондай-ақ үшінші елдерге жүктерді тасымалдау Келісуші Тараптардың құзырлы органдарымен берілетін рұқсаттар негізінде тіркемелі немесе олары жоқ немесе жартылай тіркемелі тартқышы бар жүк автомобильдерімен жүзеге асырылады.
2. Әрбір жүк тасымалдауға жеке рұқсат беріледі, ол солай және кейін
қарай бір рейс жасауға құқық береді.
3. Осы Келісімде қарастырылған жүк тасымалдау, нысаны халықаралық
үлгіге сай келісуі тиіс накладнойлар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
4. Келісуші Тараптардың құзырлы органдары жүк тасымалдауына жылма-жыл
өзара келісіліп берілетін "Рұқсаттар" бланктерінің санын тапсырады. Бұл
бланктерде рұқсат берген құзырлы органның мөрімен бірге қойған қолы болуы
тиіс.
6-бап
1. Осы Келісімнің 5 бабында көрсетілген Рұқсаттар мына тасымалдауды
орындау үшін талап етілмейді:
а) тұрақты мекен-жайға жылжымалы мүлікті көшірген жағдайда;
б) қайтыс болғандарының денесі мен мәйітін тасымалдағанда;
в) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған материалдар мен заттарды
тасымалдағанда;
г) спорттық және көріністік шараларды жүргізуге, дыбыс жазбалары, теле және кионотүсірулерді өткізуге арналған техникалық құралдарды, жабдықтарды, жануарларды және өзге мүліктер мен инвентарларды тасымалдағанда;
д) пошта жіберілімдерді;)
е) бүлінген автокөлік құралдарына техникалық көмек көрсетумен
байланысты;
ж) табиғи апат жағдайларында және жедел көмек көрсету үшін
медициналық жабдықтарды;
з) тіркемені қоса толық салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе олардың
жүк көтерімділігі 3,5 тонна болатын жүк автокөлік құралдарын.
2. Осы баптың 1 тармағының в) және г) тармақшаларында қарастырылған
ерекшеліктер тасымалданатын жүк кері шығарылған жағдайда ғана пәрменді
болады.
Жалпы ережелер
7-бап
1. Егер, жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралының ауқымы немесе салмағы екінші Келісуші Тарап мемлекетінің аумағында белгіленген нормадан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ осы аумақта пәрменді нормалармен тасымалданатын жүктер қауіпті деп анықталған жағдайда, тасымалдаушы екінші Келісуші Тараптың органынан арнайы рұқсат алуы тиіс.
2. Келісуші Тараптардың құзырлы органдары арнайы рұқсат беру туралы сұранымға, оны алған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей жауап қайтаруға тиіс.
3. Осы Баптың 1 тармағындағы ескертілген арнайы рұқсат автокөлік құралдарының қозғалысын белгілі маршруты бойынша қарастырған жағдайда, тасымалдау осы маршрут бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
8-бап
1. Осы Келісімде қарастырылған тасымалдар халықаралық тасымалдауды
жүзеге асыруға өз елінің ішкі заңдарына сай рұқсат етілген
тасымалдаушылармен ғана орындалуы мүмкін.
2. Осы Келісімде қарастырылған тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік
құралдарында өз елінің ұлттық тіркеу және айыру белгілері болуы тиіс.
9-бап
Тиісті Келісуші Тараптың құзырлы органының арнайы рұқсатын алмаған
жағдайда, тасымалдаушыға жолаушыларды немесе жүктерді екінші Келісуші
тараптың мемлекетінің аумағында орналасқан екі пункттер арасында
тасымалдауға рұқсат етілмейді.
10-бап
Автокөлік құралының жүргізушісінде ұлттық немесе халықаралық
жүргізуші куәлігі және автокөлік құралында ұлттық тіркеу құжаты болуы тиіс.
11-бап
Келісуші Тараптардың тасымалдаушылары мен автокөлік жүргізушілері тасымалдау орындалатын мемлекеттің аумағындағы жол жүру ережелері мен тәртіптік құқықтық нормаларды сақтауға міндетті.
12-бап
1. Осы Келісімнің негізінде тасымалдауды орындау барысында жүк тасымалдаушылар екінші Келісуші Тарап мемлекетінің аумағына әкелінетін мына заттары үшін кедендік алымдардан, баждардан және рұқсат алудан босатылады:
а) дайындаушы - зауытпен қарастырылған техникалық және конструктивтік жағынан қозғалтқыштың қоректену жүйесімен және тоңазытқыш қондырғысының қоректену жүйесімен байланысты сыйымдылықтарда болатын жанармай;
б) тасымалдауды жүзеге асыруға қажетті мөлшердегі жағар майлар;
в) тасымалдауды орындайтын автокөлік құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер кері әкетілуге, ал алмастырылған бөлшектер елден шығарылуға, немесе Келісуші Тараптардың кеден өкілдерінің қатысуымен жойылуға тиіс.
13-бап
1. Келісуші Тараптар мемлекеттерінің бірінде тіркелген және осы Келісімнің негізінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында жолаушы немесе жүк тасымалдауын орындайтын автокөлік құралдары осы аумақта көлік құралдары пайдаланылғаны және оларды иеленгені, сондай-ақ басқа көлік операцияларын жүзеге асырғаны үшін алынатын барлық төлем түрлерінен, алымдар мен салықтардан өзара босатылады.
2. Осы Баптың 1 тармағындағы ескертулер жол, көпір және басқа да құрылыстарды пайдаланғаны үшін алынатын төлемдерге, қосымша құн салығына және жанар май алғаны үшін акциздік салымдарға таратылмайды.
14-бап
Осы Келісімде айрықша айтылмаған шекаралық, кедендік және санитарлық бақылау, сонымен қатар басқа да мәселелерге қатысты, Келісуші Тараптардың қатысуымен халықаралық келісімдердің ережелері қолданылады, олар қатыспаған жағдайда әрбір Келісуші Тарап мемлекеттерінің ішкі заңдары мен ережелері қолданылады.
15-бап
Ауыр науқастарды тасымалдаған кезде, жолаушылардың жүйелі автобус тасымалдарында, сондай-ақ жан-жануарлар мен тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және санитарлық бақылау кезектен тыс атқарылады.
16-бап
Осы Келісімнің кейбір ережелері Келісуші мемлекеттердің бірінің аумағында бұзылған жағдайда, автокөлік тіркелген елдің құзырлы органы, екінші Келісуші Тараптың құзырлы органының өтініші бойынша Осы Келісімді орындауды қамтамасыз етуге қажетті барлық шаралар мен санкцияларды қабылдайды. Қабылданған шаралар жөніндегі ақпарат Келісуші Тараптың құзырлы органына жіберіледі.
17-бап
1. Осы Келісімді орындауға жәрдемдесу және талас туғызатын
мәселелерді шешу үшін, Келісуші Тараптар құзырлы органдарының өкілдерінен
Аралас Комиссия құрылады.
2. Аралас Комиссияның мәжілісі Келісуші Тараптардың бірінің аумағында
кезекпен жылына кемінде бір рет өткізіледі.
3. Аралас Комиссия Осы Келісімнің Атқару Хаттамасын құрастырады.
18-бап
Осы Келісім, Келісуші Тараптардың жасаған басқа халықаралық
келісімдер мен шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
19-бап
1. Келісім күшіне кіру үшін қажетті мемлекет ішіндегі процедураларды
орындауы туралы соңғы мәлімдемені алуы уақытынан бастап осы Келісім күшіне
кіреді.
2. Осы Келісім бір жыл бойы күшінде қалады және оның пәрмені Келісуші
Тараптардың бірі шарттың бұзылғанын екінші Тарапқа кезекті қызмет мерзімі
аяқталуына 3 ай бұрын мәлімдемегенге дейін жылма-жыл өзінен-өзі жалғасып
отырады.
Алматы қаласында 1998 жылғы 19 мамырда екі түпнұсқа данамен, қазақ,
латыш және орыс тілдерінде жасалған, әрі барлық мәтіндердің бірдей
заңгерлік күші бар. Осы Келісімдегі кейбір ережелердің әр түрлі түсіндірілу
жағдайында негізге орыс тіліндегі мәтін алынады.
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.