Астана қаласын мемлекеттің жаңа астанасы ретінде одан әрі дамыту, әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту, мемлекеттік емес инвестициялар мен займдарды тарту үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің қалалық объектілерді аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту қорының есебінен қаржыландыру туралы ұсынысы назарға алынсын.
2. Астана қаласының әкімі:
Астана қаласын дамытудың 2007 жылға дейінгі кезеңге және жылдың аяғына дейінгі мерзімге арналған бас жоспарын әзірлеуді аяқтасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
барлық көздердің есебінен Астана қаласында 100 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй құрлысын салудың жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
1999 жылдың 10 желтоқсанына дейін "Астана-Сити" объектілері кешенінің бірінші кезеңінің құрылысын салуды орындасын;
орталық әмбебап дүкенді қайта жаңартуды жүргізу үшін инвесторды белгілеу жөнінде тендер өткізсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Астана қаласы бойынша объектілердің құрылысын:
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қайтарымсыз негізде - 1646,5 млн. теңге (екі миллиард бес жүз мың теңге) (1-қосымша);
71,8 млн. АҚШ долларына (жетпіс бір миллион сегіз жүз мың АҚШ долларына) бара-бар сомадағы мемлекеттік сыртқы займдардың есебінен (2-қосымша);
88,0 млн. АҚШ доллары (қырық миллион АҚШ доллары) сомасындағы мемлекет кепілдендірген мемлекеттік емес сыртқы займдардың есебінен (3-қосымша) қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
2) 4-қосымшаға сәйкес бұрын қабылданған шешімдер бойынша Астана қаласының құрылыс объектілерінде мердігерлік жұмыстарды орындауға арналған 709,1 млн. теңге (жеті жүз тоғыз миллион жүз мың теңге) сомасындағы берешекті өтесін.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 603
қаулысымен. P990603_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 780
қаулысымен. P990780_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.12.25. N 1985 қаулысымен. P991985_
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі бірінші жарты жылдықта оларды Астана қаласының басым объектілерінің құрылысын салуға және дамытуға тарту мақсатында отандық және шетелдік инвесторларды іздестіруді жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасына мемлекеттік сыртқы займның қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Вячеслав су қоймасының сору станциясынан сүзгілік станцияға дейінгі су арнасының 3-ші тармағы құрылысының", "Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқу-әкімшілік корпусының", "Ұлттық мұражайдың" жобаларын және 1999 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін ұсыну лимитінің шегінде 88 млн. АҚШ долларына (қырық миллион АҚШ долларына) бара-бар сомадағы мемлекеттің кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы займның қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Астана қаласының объектілерін дамыту" жобасын енгізуді көздесін.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.12.25. N 1985 қаулысымен. P991985_
6. Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қалашықтың құрылысын салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға кіріссін.
7. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Астана қаласында:
1999 жылдың 10 желтоқсанына Теміржолшылардың мәдениет сарайын;
1999 жылдың 1 қазанына теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңартуды аяқтауды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін аумағын Ащысай бұлағына дейін жайластыра отырып Астана қаласы спорт кешенінің бірінші қабатын қайта жаңартуды аяқтауды қамтамасыз етсін.
9. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысының әкімімен бірлесіп Астана қаласының төңірегіне 2.5 мың га. алаңға ағашпен қорғау белдеуін отырғызуды, оларды сақтау мен суаруды қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы кешенін
мұражайлық экспонаттармен, кітап қорымен, музыкалық жабдықтармен және
аспаптармен жарақтандыруды қамтамасыз етсін.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаменті белгіленген тәртіппен орталық әмбебап
дүкеннің ғимаратын Астана қаласы әкімінің коммуналдық меншігіне берсін.
12. Осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-
Министрі Н.Ө. Балғымбаевқа жүктелсін.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 ақпандағы
N 161 қаулысына
1-қосымша
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.16. N 780
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.16. N 1729
қаулысымен.
Астана қаласының республикалық бюджеттің
қаражаты есебінен қайтарымсыз негізде
қаржыландырылатын бірінші кезекті объектілерінің
Тізбесі
млн. теңге
__________________________________________________________________________
|Тапсырысшы |Өлшем |Қуаты |Іске қосу |Қаржы-
| |бірлігі | |мерзімі |ландыру
|Объектінің атауы | | |(жыл, |көлемі
| | | |тоқсан) |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Қаржы министрлігі | | | | 949,5
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Министрліктердің үйі
|мың шаршы| 28,1 |желтоқсан | 949,5
| | м. | |1999 ж. |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Қорғаныс министрлігі | | | | 232,0
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Әскери лицей | орын | 450 |тамыз | 232,0
| | | |1999 ж. |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Көлік, коммуникациялар және | | | | 465
|туризм министрлігі | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Айналып өтетін айналма жолдың | км | 14 |қыркүйек | 465
|учаскесі (Қарағанды-Павлодар) | | |2000 ж.
|
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Жиыны: | | | |1646,5
|___________________________________|_________|________|___________|_______
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 ақпандағы
N 161 қаулысына
2-қосымша
Астана қаласының мемлекеттік сыртқы займдардың
есебінен қаржыландырылатын бірінші кезекті объектілердің
Тізбесі
млн. АҚШ долл.
__________________________________________________________________________
|Тапсырысшы |Өлшем |Қуаты |Іске қосу |Қаржы-
| |бірлігі | |мерзімі |ландыру
|Объектінің атауы | | |(жыл, |көлемі
| | | |тоқсан) |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Қазақстан Республикасы Президенті. | | | | 21,7
|нің іс басқармасы | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Астана қаласындағы аурухана | төсек | 240 | 1999 ж. | 21,7
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Астана қаласының әкімі | | | | 3,0
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Вячеслав су қоймасының сору стан. | | | |
|циясынан сүзу станциясына дейінгі | | | |
|су арнасының 3-ші тармағының | км | 51,0 | 2001 ж. | 3,0
|құрылысы | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|"Ақмола-жылжымайтын мүліктер" күр. | | | |
|делі құрылыс басқармасы" | | | | 42,1
|мемлекеттік мекемесі | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Гумилев атындағы Еуразия |мың шаршы| | |
|университетінің оқу-әкімшілік | м. | | тамыз |
|корпусы |мың шаршы| 18,7 | 1999 ж. | 20,6
|Ұлттық мұражай | м. | 19,5 | 1999 ж. | 21,5
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Көлік, коммуникациялар және туризм | | | | 5,0
|министрлігі | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Халықаралық әуежайдың |жолаушы/ | | |
|құрылысы | сағ. | 800 | 2002 ж. | 5,0
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Жиыны: | | | | 71,8
|___________________________________|_________|________|___________|_______
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 24
ақпандағы N 161 қаулысына
3-қосымша
ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.12.25. N 1985 қаулысымен.
Астана қаласының мемлекет кепілдендірген мемлекеттік
емес сыртқы займдардың есебінен қаржыландырылатын
бірінші кезекті объектілерінің
Тізбесі
млн. АҚШ долл.
__________________________________________________________________________
|Тапсырысшы |Өлшем |Қуаты |Іске қосу |Қаржы-
| |бірлігі | |мерзімі |ландыру
|Объектінің атауы | | |(жыл, |көлемі
| | | |тоқсан) |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Астана қаласының әкімі | | | | 88,0
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|"Астана қаржы" ААҚ жобаларына | | | 1999 ж. | 88,0
|арналған мемлекеттік емес займ | | | |
|___________________________________|_________|________|___________|_______
|Жиыны: | | | | 88,0
|___________________________________|_________|________|___________|_______
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 ақпандағы
N 161 қаулысына
4-қосымша
1998 жылы мердігерлік жұмыстарды орындау үшін
берешектер бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
10.02.98 ж. N 91 және 14.05.98 ж. N 435 қаулылары)
Көлемдер
млн. теңге
__________________________________________________________________________
| Объектілердің атауы, қаржыландыру көзі |Берешектің
| |сомасы
|_____________________________________________________________|____________
|Көздер бойынша барлығы | 709,1
|_____________________________________________________________|____________
|оның ішінде: |
|_____________________________________________________________|____________
|Астана қаласының әкімі | 191,0
|_____________________________________________________________|____________
|а) этнографиялық-мемориалдық парк | 114,0
|_____________________________________________________________|____________
|б) "Әль-Фараби" шағын ауданының инженерлік желілері | 48,0
|_____________________________________________________________|____________
|в) 83 кварталдың инженерлік желілері | 6,0
|_____________________________________________________________|____________
|г) N 1 "а" КНС-пен 83 кварталдың серпу | 8,0
|коллекторын қайта жаңарту |
|_____________________________________________________________|____________
|д) Қазақ музыкалық-драмалық театрын қайта жаңарту | 5,0
|_____________________________________________________________|____________
|е) Орыс драма театрын қайта жаңарту | 10,0
|_____________________________________________________________|____________
|Астана қаласының "Горкомхоз" МК | 518,1
|_____________________________________________________________|____________
|а) қалалық магистральдар мен қаланың орталық | 518,1
|алаңын жаңарту |
|_____________________________________________________________|____________
|
|_____________________________________________________________|____________
|
ЕСКЕРТУ. 4-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 603
қаулысымен.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.