"Сити Палас" кешені құрылысының жобасын іске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 желтоқсан N 1985. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1528 қаулысымен. ~P001528

      Астана қаласын одан әрі дамыту, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне тартылатын, жалпы сомасы 80 000 000 (сексен миллион) АҚШ долларына мемлекеттік емес сыртқы заемның қаражаты есебінен қаржыландырылатын, "Астана Сити" жобасының шеңберінде "Сити Палас" кешені құрылысының жобасы басым инвестициялық жоба ретінде мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жобаның техникалық-экономикалық сараптамасын өткізіп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытындыны ұсынсын.
      3. "Астана қаржы" ашық акционерлік қоғамы заем алушы ретінде:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тартылатын заем бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды ұсынсын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Астана қаласының әкімімен, көрсетілген мемлекеттік кепілдіктің берілуіне байланысты, республикалық бюджеттің алдында олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы келісім жасассын. Жасалатын келісімде тартылатын заемға қызмет етумен байланысты тәуекелдерді өтеуге арналған резервті қалыптастыру жөнінде Астана қаласы әкімінің міндеттемесі көзделсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      шетелдік несие берушімен "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті шектерінде шетелдік инвесторға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру туралы кепілдік келісімді ресімдесін.
      Жоба және заемды қамтамасыз ету жөніндегі құжаттаманың ресімделуі аяқталғаннан кейін шетелдік несие берушіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 772 P990772_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 27, 261-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:
     "Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану" салалық секторында:
      реттік нөмірі 4-жолда: 4-бағандағы "Ақмола қоры" ЖАҚ" деген сөздер "Астана қаржы" ААҚ" сөздерімен ауыстырылсын, 8-бағандағы "40,00" деген сан "88,00" деген санмен ауыстырылсын, 10-бағандағы "40,00" деген сан "88,00" деген санмен ауыстырылсын, 11-бағандағы "32,00" деген сан "40,00" деген санмен ауыстырылсын, 12-бағаны "40,00 деген санмен толықтырылсын;
      "Барлығы" деген жолда: 8-бағандағы "117,50" деген сан "165,5" деген санмен ауыстырылсын, 12-бағандағы "20,40" деген сан "60,40" деген санмен ауыстырылсын;
      "Көлік және байланыс" салалық секторында:
      реттік нөмірі 5-жолда, 8 және 10-бағандардағы "95,00" деген сан "43,00" деген санмен ауыстырылсын;
      "Барлығы" деген жолда: 8-бағандағы "173,60" деген сан "121,60" деген санмен ауыстырылсын, 10-бағандағы "166,80" деген сан "114,80 деген санмен ауыстырылсын;
      "Займдарды игеру" деген жолда, 8-бағандағы "595,10" деген сан "591,10" деген санмен ауыстырылсын, 10-бағандағы "206,15" деген сан "154,15" деген санмен ауыстырылсын, 11-бағандағы "133,93" деген сан "141,93" деген санмен ауыстырылсын, 12-бағандағы "90,53" деген сан "130,53" деген санмен ауыстырылсын;
      "Кепілдіктердің барлығы" деген жолда, 8-бағандағы "595,10" деген сан "591,10" деген санмен ауыстырылсын, 10-бағандағы "504,00" деген сан "500,00" деген санмен ауыстырылсын;
      2) "1999 жылда Астана қаласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы

 

Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 қаулысына:

     3-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы "40,0" деген сан

"88" деген санмен ауыстырылсын;

     5-тармақтағы "40,0" деген сан "88" деген санмен ауыстырылсын;

     көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

     "Қаржыландырудың көлемі" деген бағандағы "40,0" деген сан "88" деген

санмен ауыстырылсын;

     "Ақмола қоры" ЖАҚ" деген сөздер "Астана қаржы" ААҚ" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады