Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Астана" 110/10 кВ кіші станциясының құрылысын 1999 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне "Ақмола РЭК" ашық акционерлік қоғамы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 123 млн. теңге (жүз жиырма үш миллион теңге) және теңге бағамында 1 091 899 неміс маркасын (бір миллион тоқсан бір мың сегіз жүз тоқсан тоғыз дойчмарка) бөлсін.
2. "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтың 2-тармақшасындағы 783,0 млн. теңге (жеті жүз сексен үш миллион теңге) деген сөздер 709,1 млн. теңге (жеті жүз тоғыз миллион жүз мың теңге) деген сөздермен ауыстырылсын;
2) аталған қаулының 4-қосымшасында:
"Көздер бойынша барлығы" деген жолдағы "783,0" деген сан "709,1" деген санмен ауыстырылсын;
"Ақмола РЭК" акционерлік қоғамы" 73,9
а) Ақмола қаласындағы "Астана" 110/10 кВ кіші станциясы 73,9" деген жолдар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.