Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 286. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 ~P020702 қаулысымен.

      Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілік шығыстарын қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін мерзімде "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы", "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания", "Мемазықтүліккорпорация", "ЭйрҚазақстан", "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы", "Қазтеңізкөлікфлот" ұлттық теңіз кеме шаруашылығы компаниясы", "Қазақтелеком", "КЕGОС", "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы, "Жібек жолы-Қазақстан" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының (бұдан әрі - Қоғамдар) мынадай шешімдерді:
      1) Қоғамдардың 3 адамнан аспайтын вице-президенттердің санын белгілеуді және лауазымдық жалақыларды көрсете отырып орталық аппараттарының штаттық кестесін бекітуді;
      2) Қоғамның қызметкерлеріне қызмет көрсететін 5 бірліктен аспайтын қызметтік жеңіл автокөліктің санын белгілеуді;
      3) Қоғамдардың қызметкерлері орналасқан қызметтік алаңдары оңтайландыруды;
      4) үкіметтік, қалалық, ұтқыр, пейджингтік байланыс телефондары нөмірлерінің санын қысқартуды;
      5) Қоғамдар қызметкерлерінің 1999 жылы жоспарланған қызметтік іссапарлары шығыстарының сомаларын бекітуді;
      6) Қоғамдардың қауіпсіздік қызметін, техникалық қызметкерлерді ұстауға арналған шығыстарын, Қоғамдардың өкілдік және өзге де негізсіз шығыстарын қысқартуды және оңтайландыруды;
      7) Қоғам басшыларының алда тұрған шетелдік іссапарларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісу міндеттілігін енгізуді;
      8) Қоғамдар директорлар кеңесінің тарапынан осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделген шешімдердің орындалуын ұдайы қатаң бақылауды және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне нәтижелер туралы тоқсан сайын хабарлау міндеттілігін енгізуді қарауын және қабылдауын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі "Қазақстан темір жолы" және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қатысты заңдарда белгіленген тәртіппен 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін мерзімде мынадай шешімдер қабылдауын:
      1) үштен аспайтын орынбасарлардың санын, бес бірліктен аспайтын қызметтік автокөліктің санын белгілеуін;
      2) Кәсіпорындардың қызметкерлері орналасқан алаңдарды түгендеуді жүргізуін және белгіленген нормалардың негізінде қызметтік алаңдардың артығын қысқарту жөнінде шаралар қабылдауын;
      3) үкіметтік, қалалық, ұтқыр және пейджингтік байланыс телефондарын ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруын;
      4) Кәсіпорындар қызметкерлерінің республика бойынша және шетелге іссапарларын реттеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Кәсіпорындар басшылығының алда тұрған шетелдік іссапарлары туралы хабарлауын қамтамасыз етсін.
      3. Орталық атқарушы органдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары болып табылатын ведомстволар заңдарда белгіленген тәртіппен оларға қатысты осы қаулының 2-тармағында көзделгендерге сәйкес жұмыстарды жүргізсін.
      3-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің көшірілетін қызметкерлерінің нормативі штат санының белгіленген лимитінің отыз процентінде (56 адам) белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.22.
               N 822 қаулысымен. P990822_
      4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы қаулының 2-тармағында көзделгендерге сәйкес жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, сондай-ақ басқа да министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері 20 сәуірге дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының атқарылуы туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің Кеңсесі үш күндік

 

мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұлттық компаниялар

филиалдарының қызметіне тексерулер жүргізу үшін тиісті мемлекеттік

органдардың мамандарын тарта отырып комиссия құрсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Омарбекова А.

    Икебаева А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады