Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 наурыз N 323

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың Мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 P961173_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақтың бірінші абзацындағы және 3-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Білім министрлігі", "Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне" деген сөздер "Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау мен басып шығару шығыстарын қаржыландыру жыл сайын республика бюджетінде осы мақсатқа көзделетін қаржының есебінен жүзеге асырылсын.";
      3) 4-тармақтағы "Алматы қаласының" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) аталған қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының жалпы білім

 

беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау

мен басып шығарудың Мақсатты бағдарламасында":

     "Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау және оларды білім

беру жүйесіне енгізу" бөлімінде:

     "Ізденіс-жасампаздық жұмыстар" және "Эксперименттік сынақ жұмыстары"

деген ішкі бөлімдердің атаулары алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 2-жолда 3 және 4-бағандардағы "1996" және "1998" деген

сандар "1999" деген сандармен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 3-жолда:

     3-бағандағы "1996" және "1997" деген сандар "1999" деген сандармен

ауыстырылсын;

     4-бағанындағы "1997" және "1998" деген сандар "1999" деген сандармен

ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 4-жолда:

     2-бағандағы "сынақ-байқау" деген сөз алынып тасталсын;

     3 бағандағы "1997" және "1999" деген сандар "1999" және "2000" деген

сандармен ауыстырылсын;

     4-бағандағы "1997", "1999" және "2000" деген сандар "1999", "2000"

және "2001" деген сандармен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 5-жолда:

     3-бағандағы "1997" деген сандар "1999" деген сандармен ауыстырылсын;

     4-бағандағы "1998", "1999" және "2000" деген сандар "1999", "2000"

және "2001" деген сандармен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 6-жолда:

     2-бағандағы "сынақ-байқау" деген сөз алынып тасталсын;

     2-бағандағы "орыс және ұйғыр" деген сөздерден кейін "өзбек" деген

сөзбен толықтырылсын;

     3-бағандағы "1997" және "1999" деген сандар "1999" және "2000" деген

сандармен ауыстырылсын;

     4-бағандағы "1997", "1999" және "2000" деген сандар "1999", "2000"

және "2001" деген сандармен ауыстырылсын;

     реттік нөмірлері 7,8,9,10,11-жолдар алынып тасталсын;

     "Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару және тарату"

деген бөлімде:

     реттік нөмірі 1-жолда 4-бағандағы "1997" деген сандар "2000" деген

сандармен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 3-жолда 2-бағандағы "Тұрақты" деген сөз алынып

тасталсын;

     реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 5-жолда:

     2-бағандағы "тұрақты" деген сөз алынып тасталсын;

     3-бағандағы "1999" және "2000" деген сандар "2000" және "2001" деген

сандармен ауыстырылсын;

     4-бағандағы "2000" және "2001" деген сандар "2001" және "2002" деген

сандармен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы 5-1 реттік нөмірмен толықтырылсын:

"5-1 Білім беру жүйесіне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді мынадай

сатылар бойынша енгізу:

     бастапқы         1998 жыл        1999 жыл

     негізгі          1999 жыл        2000 жыл

     жоғары           2000 жыл        2001 жыл";

     реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 7-жолда:

     2-бағандағы "тұрақты" деген сөз алынып тасталсын;

     3-бағандағы "1999" және "2000" деген сандар "2000" және "2001" деген

сандармен ауыстырылсын;

     4-бағандағы "2000" және 2001" деген сандар "2001" және "2002" деген

сандармен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады