1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөніндегі шартқа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында теледидар және радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 мамыр N 562


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық 
салалардағы интеграцияны тереңдету жөніндегі шартқа қатысушы 
мемлекеттердің аумақтарындағы теледидар және радио бағдарламаларын 
тарату үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы 1999 жылғы 26 ақпанда 
Мәскеу қаласында жасалған Келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     міндетін атқарушы
    
     
           1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және
          гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету
             жөніндегі Шартқа қатысушы - мемлекеттердің
          аумақтарындағы теледидар және радио бағдарламаларын
             тарату үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы
                           Келісім
     


      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
      1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөніндегі Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шартты және 1998 жылғы 28 сәуірдегі "Қатардағы адамдар мүддесіне орайлас қарапайым он қадам туралы" мемлекеттер Басшыларының - Мәлімдемесін басшылыққа ала отырып,
      Шартқа қатысушы-мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға айтарлықтай маңыз бере отырып,
      бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы саяси маңызын және оның халықтар арасындағы тарихи қалыптасқан әлеуметтік-мәдени және ғылыми байланыстарын дамытудағы рөлін түсіністікпен негізге ала отырып,
      Тараптардың аумақтарында бірыңғай ақпараттық кеңістік және теледидар мен радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      өздерінің ұйымдастырушылық-техникалық, экономикалық, технологиялық мүмкіндіктерін, пайдалану және қызмет көрсету стандарттарын ескере отырып,
      білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге көмектесуге ықылас білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

                        1-бап

      Тараптар бір-бірінің аумақтарында азаматтардың мәдени-ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру, тараптар арасындағы дәстүрлі байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының теледидары мен радиосы бағдарламаларын беру мен таратуды қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау жөнінен ынтымақтастықты дамытатын болады.

     Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз 
Республикасының теледидары мен радиосы бағдарламаларын беру барысында 
Тараптардың аумақтарында беларусь, қазақ, қырғыз, тәжік және орыс 
тілдерін қолдануға болады.
     
                     2-бап
     
     Тараптар өз аумақтарында ақпараттар алмасуына және өзінің мазмұны 
бойынша Тараптардың қолданыстағы ұлттық заңына қайшы келмейтін 
теледидар мен радио бағдарламаларын таратуға жәрдемдесетін болады.
     
                     3-бап
     


      Тараптар Шартқа қатысушы - мемлекеттердің халықтары тілдерінде Тараптардың аумақтарында мекендейтін халықтардың тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін ескере отырып, теледидар мен радио бағдарламаларын шығаруға және таратуға жәрдемдесетін болады.

                       4-бап

      Тараптар теледидар мен радио бағдарламалардың мазмұнын және дыбысбейне тартымдылығын арттыруға, осы Келісімге қатысушы - мемлекеттердің алдында тұрған көкейкесті проблемаларды шынайы көрсетуге өздеріне міндеттеме қабылдайды.

     Тараптар теледидар мен радио бағдарламаларының кез-келгенін, егер 
олардың мазмұны мен беру түрі Тараптардың ұлттық заңына қайшы келетін 
болса оларды беруді шектеуге құқылы.
     
                      5-бап
     
     Тараптар өздерінің аумақтарында басқа Тараптардың теледидары мен 
радиосының бағдарламаларын үзіліссіз және сапалы қабылдап - беруді 
қамтамасыз ететін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жасап, 
жүзеге асыратын болады.
     
                      6-бап
     
     Тараптар өз аумақтары арқылы басқа Тараптардың телерадио 
бағдарламаларын шарт негізінде жүзеге асырылатын осы Келісімге 
қатысушы - басқа мемлекеттерге еркін өткізуге кедергі келтірмейтін болады.
     
                       7-бап
     
     Хабар таратудың көлемі мен кестесі, өндірістік өзара есеп 
айырысудың төлем түрі мен тәртібі Тараптардың телерадио хабарларын 
тарату ұйымдары мен байланыс ұйымдары арасында шарттар жасау барысында 
анықталатын болады.
     
                        8-бап
     
     Тараптар теледидар мен радио бағдарламаларының бірлескен 
өндірісіне, телерадиохабарларын таратуға қатысты құқықтық, 
ұйымдастырушылық-техникалық және қаржы-экономикалық мәселелер бойынша 
тұрақты тәжірибе алмасуға жәрдемдесетін болады.
     
                        9-бап
     
     Осы Келісімді қолдануға байланысты пайда болған даулы мәселелерді 
Тараптар келіссөздер мен кеңесулер жолымен шешетін болады.
     
                       10-бап
     
     Осы Келісім өздері қатысушылары болып есептелетін басқа 
халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне 
ықпал етпейді.
     
                      11-бап
     
     Осы Келісім Тараптардың қажетті ішкі мемлекеттік іс жосығын 
орындау туралы соңғы жазбаша хабарды осы Келісімнің депозитарийі болып 
есептелетін Интеграциялық Комитет алған күннен бастап күшіне енеді.
     
                      12-бап
     
     Осы Келісім Тараптар келіскен жағдайда оған басқа мемлекеттердің 
қосылуы үшін мүмкіндік туғызады.
     
                         13-бап
     
     Осы Келісім бес жыл бойы іс-қимыл жасайды және егер Тараптар 
басқа шешім қабылдамаса кезекті бесжылдық мерзімге өздігінен ұзартылады.
     
                         14-бап
     
     Әрбір Тарап бұл туралы депозитариге жазбаша хабар жібере отырып 
осы Келісімнен шыға алады.
     Осы Келісімнің бұл Тарапқа қатысты іс-қимылы депозитарий осындай 
хабар алғаннан алты ай өткеннен соң тоқтатылады.
     
     Мәскеу қаласында 1999 жылғы 26 ақпанда орыс тілінде бір дана 
түпнұсқада жасалды.
     Түпнұсқа дана Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, 
Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының 
Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол расталған көшірмені осы 
Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.
     
     Беларусь                     Ресей 
     Республикасының              Федерациясының
     Үкіметі                      Үкіметі
     үшін                         үшін
     
     
     Қазақстан                    Тәжік
     Республикасының              Республикасының
     Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін
     
     Қырғыз
     Республикасының
     Үкіметі
     үшін
     
     


      Осы ұсынылып отырған мәтіндердің 1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында өткен мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде қабылдаған "1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөніндегі Шартқа қатысушы - мемлекеттердің аумақтарындағы теледидар мен радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы Келісім туралы" N 37 Шешімнің және Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті А.А.Акаев, Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельцин және Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш. Рахмонов қол қойған 1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөніндегі Шартқа қатысушы-мемлекеттердің аумақтарындағы теледидар мен радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар

жасау туралы Келісімнің заңды құқы танылған құжат мәтінінің 
көшірмелерімен бірдей екендігін растаймын. Жоғарыда аталған 
құжаттардың түпнұсқа даналары Беларусь Республикасының, Қазақстан 
Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және 
Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетінде сақталады.
     
                            Барлық 5 бет тігінделді,
                            нөмірленді және мөрмен
                            бекітілді
     
     Интеграциялық Комитет
     істері Басқарушысының
     орынбасары
     
     
   Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.       
     
     
     
     
     

     
   
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады