Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасы Үкіметінің арасындағы Білім, мәдениет және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 949


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1998 жылғы 20 маусымда Каир қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасы Үкіметінің 
арасындағы Білім, мәдениет және ғылым салаларындағы ынтымақтастық 
туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
            Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
        Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы
           Білім, мәдениет және ғылым салаларындағы
                     ынтымақтастық туралы
                            Келісім
     


      Бұдан әрі қарай "екі Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі,
      екі халықты ежелден бері байланыстырып келе жатқан мәдени мұра мен тарихи өркениетті тани отырып,
      мәдениет, ғылым, білім, туризм, жастар саясаты, спорт және әлеуметтік саясат салаларындағы осы мұраны қайта жаңғыртуға және нығайтуға тілек білдірумен әрі екі үкімет пен екі халық арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастарды нығайта отырып, төмендегілер туралы келісті:

                         1-бап

      Екі Тарап оқу орындары, университеттер және аспирантуралар

арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтін болады, сондай-ақ ғылымның 
әртүрлі салаларында өзара ақпарат алмасуды дамыту үшін оқу орындары 
өкілдерінің сапарларымен алмасуға жәрдемдесетін болады.
     
                        2-бап
     
     Екі Тарап екі елде қолданылатын оқытудың әдістемесімен және 
бағдарламаларымен танысу үшін, сондай-ақ куәліктер мен академиялық  
дәрежелерді тану мүмкіндігін зерттеп білу үшін профессорлармен және 
сарапшылармен алмасуды көтермелейтін болады.
     
                         3-бап
     
     Екі Тарап оқыту немесе зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жоғары оқу 
орындарының аспиранттары мен студенттері үшін  шәкіртақылармен 
алмасуды көтермелейтін болады.
     
                        4-бап
     
     Екі Тарап ғылым мен технология салаларындағы ынтымақтастықты 
көтермелейді және екі елдің тиісті мекемелері арасындағы тікелей 
келісімдердің жасалуын көтермелейтін болады.
     
                        5-бап
     


      Екі Тарап екі мемлекеттің баспалары арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екі елдің тілі мен әдебиетін оқытуды және таратуды көтермелейтін болады.

                         6-бап

      Екі Тарап екі халықтың тарихын, өркениеті мен мәдениетін өзара түсінуді және зерделеуді кеңейтуге және тереңдетуге төмендегідей жолдармен үлес қоса алатын кез келген алмасуды көтермелейтін болады:
      - көне дүние, оның тарихы және қайта қалпына келтіру салаларында ақпаратпен, тәжірибемен және сарапшылармен алмасу;
      - жазушылар, авторлар, әртістер және көркемөнер топтарының

сапарларымен, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің көрмелерімен алмасу;
     - фестивальдерді, музыка және театр қойылымдарын ұйымдастырумен 
және оларға қатысумен алмасу;
     - деректі және көркем фильмдермен алмасуды ұйымдасу.
     
                          7-бап
     
     Екі Тарап екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, 
әсіресе радио-, теледидар агенттіктерінің және жаңалықтар 
агенттіктерінің арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтін болады.
     
                          8-бап

     Екі Тарап жастар саясаты, спорт, туризм және әлеуметтік саясат 
салаларындағы ынтымақтастықты және олардың тиісті мекемелері арасында 
тікелей шарттар жасасуды көтермелейтін болады.
     
                          9-бап
     


      Екі Тарап осы Келісімді жемісті түрде жүзеге асыру үшін ережелері мен қаржы шарттарын айқындайтын жұмыс бағларламаларын әзірлеу жұмысымен айналысатын болады.

                           10-бап

      Осы Келісім Тараптардың заңдарына сәйкес олардың оны бекіткені туралы жазбаша мәлімдемелер алмасқан күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптардың

ешқайсысы кезекті бесжылдық мерзім біткенге дейін 6 ай бұрын екінші 
Тарапқа оның қолданысын тоқтатқысы келетін өз тілегі туралы жазбаша 
мәлімдеме жолдамайтын болса, келесі бес жыл мерзімге өздігінен ұзартылатын 
болады.
     Каир қаласында 1998 жылғы 20 маусымда екі дана болып, әрқайсысы 
қазақ, араб және ағылшын тілдерінде жасалды және де барлық мәтіннің күші 
бірдей.
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары 
туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін негізге алынатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының     Мысыр Араб Республикасының
        Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Сыртқы істер министрі         Сыртқы істер министрі
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.              
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады