Астана қаласындағы дипломатиялық қалашықтың құрылысы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 тамыз N 1224

      Астана қаласын дамыту мәселелерi бойынша алға қойылған мiндеттердi уақытылы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Астана қаласында дипломатиялық қалашықтың құрылысын кезең-кезеңмен салу және құрылыс жобасын iске асыру кезiнде инвестордың күрделi салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшiн тiкелей инвестицияларды тартудың шарттары жөнiндегі ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тартатын сыртқы заемдарының есебiнен Астана қаласында дипломатиялық қалашық магистральды инженерлiк жүйелерiнiң, қызмет көрсету инфрақұрылымы мен объектiлерiнiң құрылысын салуды және қаражатты аталған объектiлердi пайдалану есебiнен республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсiн.
      "Құрылыс-Пайдалану-Тапсыру" формуласы бойынша тiкелей инвестициялардың есебiнен негізгі объектiлердiң құрылысын кезең-кезеңмен салуды және әлеуеттi клиенттер ретiнде дипломатиялық миссиялармен өзара iс-қимыл жасау арқылы инвестор жүзеге асырған күрделi салымдарды қайтаруды және дипломатиялық қалашық объектiлерiн мейлiнше пайдалануды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi экономикалық сараптама жүргiзудi орындасын және дипломатиялық қалашық құрылысы жобасының екiншi кезеңiн - Астана қаласындағы дипломатиялық қалашыққа қызмет көрсететiн объектiлердiң құрылысын Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi "МТ Мерката Трейдинг энд Инжиниринг СА" (Швейцария) компаниясы және басқа да инвесторлар ұсынған, Астана қаласында дипломатиялық қалашық құрылысын салу кезінде тікелей инвестицияларды берудің шарттары жөніндегі келісімдердің жобаларын қарасын, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес барлық жеңілдіктер мен преференцияларды айқындасын және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті

 

ұсынымдарын табыс етсін.

     5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевқа

жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады