"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары 1999 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және бақылау функцияларын жеке және мемлекеттiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын адамдарға берудi көздейтiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшiн жойсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жеке және мемлекеттiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын адамдардың кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және бақылау функцияларын заңға қайшы жүргiзуiне байланысты, олардан алынатын қаражаты мемлекеттiк бюджетке алу жөнiнде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп:
1) 1999 жылдың 15 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының ведомстволық қарауындағы барлық ұйымдардың құрылтайшылық құжаттарының осы қаулының талаптарына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн;
2) тексерудiң нәтижесi бойынша заңдарда белгiленген шараларды қолдансын және атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне баяндасын;
3) Қазақстан Республикасының басқа мүдделi мемлекеттiк органдарының қатысуымен барлық мемлекеттiк органдарға жеке және мемлекеттiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және бақылау функцияларын беруге тыйым салуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне заңдарда белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
4. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органдар
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшылық құжаттарын
(қосымшаға сәйкес) осы қаулының талаптарына сәйкестендiрсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 1225 қаулысына
қосымша
Уәкiлеттi мемлекеттік органдар құрылтайшылық құжаттарын
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiруi тиiс
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың
Тізбесі
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы РМК
"Мемсәулетқұрылысинспекциясы" еншiлес кәсiпорындарымен;
"Метрология" РМК;
"Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" РМК;
"Алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлердi мемлекеттiк зерттеу орталығы" РМК;
"Қазсертико" мемлекеттiк ғылыми-практикалық орталығы РМК;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
"Күзет" РМК;
"Арнайы полиция" РМК;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу
құқығындағы Мемлекеттiк орман шаруашылықтары кәсiпорындары (Орман
шаруашылықтары) РМК;
Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы
мемлекеттiк кәсiпорындары РМК;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі:
"Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу
орталығы" РМК;
"Өрт сөндiрушi" РМК;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi:
"Қазалкоорталық" РМК
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.