Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1519 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлер көрсететiн қызметтердiң жекелеген түрлерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 P991160_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногында үстем жағдайға ие мұнай өндiрушi және мұнай өңдеушi шаруашылық жүргізушi субъектiлерге мемлекеттiк реттеу шаралары қолданылады деп айқындасын.";
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегі агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі