Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 41, 358-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 431-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 210-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады