Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1413 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1519 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлер көрсететiн қызметтердiң жекелеген түрлерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 P991160_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногында үстем жағдайға ие мұнай өндiрушi және мұнай өңдеушi шаруашылық жүргізушi субъектiлерге мемлекеттiк реттеу шаралары қолданылады деп айқындасын.";
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегі агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етсiн.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады