Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер. Қаулының атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 567 қаулысымен

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1160. Күші жойылды - Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1519 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Z952688_ 9-бабының 7-тармақшасына және "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ тұтынушылар мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік реттеу шаралары қолданылады деп белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1413 қаулысымен. P991413_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.13.
               N 567 қаулысымен. P000567_
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегі агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етсiн.

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1413 қаулысымен. P991413_
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады