Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қараша N 1681

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бақты" кедені қызметінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 231 P990231_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын;
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте аталған Комитетке көзделген қаражаттың есебінен Бақты" халықаралық өткізу пунктінің құрылысына және оны нығайтуға 66 106 000 (алпыс алты миллион жүз алты мың) теңге бөлсін;
      3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен басқа да мүдделі шетел мемлекеттерінің өкілдіктерін заңды және тұлғалардың "Бақты" халықаралық өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлары мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің жаңғыртылғандығы туралы хабарласын".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады