Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қыркүйектегі N1446 P991446_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 1-тармағында көрсетілгенді атқару үшін қабылданған өзінің шешімдерін тоқтатуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін тоқтатуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.