"Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қыркүйек N 1446. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.13. N 1704 қаулысымен. ~P991704

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысымен бекітілген жекешелендірудің және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Дәуір" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Дәуір" қоғамы) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен ашық акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес құрылатын акционерлік қоғамдардың жарғыларын бекітсін, оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) "Дәуір" қоғамы акцияларының бірінші эмиссиясын толық орналастырғаннан кейін жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 40 процентінен аспайтын сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын өсіруге шаралар қабылдасын;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін құрылатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін жекешелендіруді жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне:
      1) мемлекеттік тіркеу үшін құрылатын акционерлік қоғамдардың

 

құжаттарына қол қоюға және оларды ұсынуға уәкілеттік берілген адамдардың

кандидатуралары;

     2) құрылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері мен

атқарушы органдарының құрамы;

     3) арасында "Дәуір" қоғамы акцияларының қосымша эмиссиясын орналастыру

көзделетін адамдардың шеңбері жөнінде ұсыныстар табыс етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады