Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қыркүйектегі N 1446 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 қараша N 1704

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дәуір" республикалық газет-журнал баспасы мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қыркүйектегі N1446 P991446_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 1-тармағында көрсетілгенді атқару үшін қабылданған өзінің шешімдерін тоқтатуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін тоқтатуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады