Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235   Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже бекітілсін.

      2. Агенттікте төрағаның үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін. 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.13. N 703
қаулысымен.    

      3. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін.

      4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы
Үкiметінің 1999 жылғы
19 қарашадағы N 1755
қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөнiндегі агенттiгi туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын заңнамаға сәйкес мемлекеттiк басқару, бақылау және үйлестiру функцияларын орындауға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.09.19. N 953  қаулысымен.      

      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

      3. Агенттiк мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
      Егер Агенттiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 

      4. Агенттік өз құзыретiнің мәселелерi бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.

      5. Агенттiк туралы ереженi және оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:

      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Агенттiктің құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан Агенттiктің кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қарым-қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
      Егер Агенттiкке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттіктің негiзгі мiндеттерi, функциялары
және құқықтары

      10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу; 
      2) Қазақстан Республикасында туризм, спорт және дене тәрбиесiн дамыту, спорт резервтерi мен халықаралық деңгейдегi спортшыларды дайындау; 
      3) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы заңдарға талдау жасау және оларды қолданудың тәжiрибесiн қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, өз қызметi саласындағы заңдарды және нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу; 
      4) туристiк қызмет көрсетулердiң отандық рыногын зерделеу, талдау, болжау және реттеу; 
      5) туризм, спорт және дене тәрбиесiн материалдық-техникалық базасын жасау мен нығайтуға және олардың инфрақұрылымдарын дамытуға қатысу; 
      6) туризм мен спорт қозғалысын насихаттау сондай-ақ өз құзыретi шегiнде туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы ақпараттық-жарнамалық және баспагерлiк iстi дамыту; 
      7) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасында және шет елдерде туризм, спорт және дене тәрбиесi үшiн мамандарды даярлауды ұйымдастыру, олардың біліктілігiн арттыру; 
      8) туристiк iс-шараларды, спорт түрлерi бойынша жарыстарды және Олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт пен ойындардың түрлерi бойынша кешендi iс-шараларды өткiзу. 
      11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады, мемлекеттiк, перспективалық, ағымдағы және нысаналы бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 
      1-1) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттiк бақылау функциясын жүзеге асырады;
      2) туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы халықаралық және аймақаралық шарттардың, үкiметаралық келiсiмдердің жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 
      3) өз құзыретінің мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен туризм, спорт және дене тәрбиесiн өзектi проблемаларын iс жүзiнде шешуге қатысты мәселелер жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды; 
      4) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласына, соның iшiнде туристiк және спорт өнiмдерiн өндiрудi дамыту үшiн инвестицияларды тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және оны iске асыруға қатысады; 
      5) спорт, дене тәрбиесi саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және үйлестiредi, олардың нәтижелерiн спорт пен дене тәрбиесi практикасына енгiзедi; <*>   
      6) өз құзыретінің шегiнде халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк және спорттық байланыстарды жүзеге асырады; 
      7) өз құзыретi шегiнде ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келiсiмшарттар жасасады; 
      7-1) туризм, дене тәрбиесi және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және кадрларды аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды; <*>
      8) туристiк тауарлар мен қызмет көрсетулердің, спорт тауарларының республикалық көрмелерiн дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ өз құзыретiнде ақпараттық-баспагерлiк және жарнамалық қызметтi жүзеге асырады; 
      9) мемлекеттiк спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; 
      10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың туризмдi, спорт пен дене тәрбиесiн дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; 
      11) басқа да мемлекеттiк органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылған спорт шараларының жоспарын үйлестiредi, спорт шараларының, жарыстарының бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын жасайды; 
      11-1) дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыратын спорттық соның ішінде халықаралық, іс-шараларды өткiзудi келiседi; <*>
      12) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туристiк, спорттық шаралардың, жарыстардың өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады; 
      12-1) спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар жасау, спорттық құрылыстарды салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi; <*>
      12-2) өз құзыретiнiң шегiнде спорттық және туристiк объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң сақталуын, спорттық құрылыстардың өту қабiлеттiлiгі нормаларының сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алуға және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге дайындық актiлерiнiң жасалуын бақылауды жүзеге асырады; <*>
      13) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарға, әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi; <*>
      13-1) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындайды және қатысу кезiнде мемлекеттiк қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыруды жүзеге асырады; <*>
      13-2) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерi республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде мемлекеттiк қаражат есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады; <*>
      13-3) спорт жарыстарын өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қолдану тәртiбiн айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат бередi; <*>
      14) мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп спорт резервтерiн даярлау жөнiнде жұмыс жүргiзедi, спорт клубтары, мектептерi және ғимараттары, олимпиадалық дайындық орталықтары жүйелерінің дамуын, сондай-ақ оларда оқу-жаттықтыру процесi мен допинг-бақылауды ұйымдастыруды үйлестiредi; 
      15) ведомстволық статистикалық есеп берудi жүзеге асырады, туристiк қызметтiң, спорт пен дене тәрбиесiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша статистикалық деректердi талдайды және мемлекеттiк статистика органдарына қорытынды материалдар ұсынады;  
      15-1) туристiк агенттiк қызметтi, туристiк операторлық қызметті, экскурсиялық қызметтi, туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi лицензиялауды жүзеге асырады; 
      15-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялауды, дене тәрбиесi мен спорт жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеудi жүзеге асырады; <*>
      15-3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады; <*>
      15-4) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бiрлесiп, спорттық медицинаны дамытады; <*>
      16) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 15)-1 тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.07. N 179  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 15)-1 тармақша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.09.14. N 1213  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.09.19. N 953  қаулысымен.

      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттiк заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) өз құзыреті шегінде туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерi жөнiнде ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеуге және бекiтуге;
      1-1) туристік және спорттық құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды, туристiк, спорттық iс-шараларды, оқу-жаттығу процесі мен спорттық жиындарды өткізу кезiнде оларды жарақтандыру нормативтерi мен техника қауiпсiздiгі ережелерiн белгiлеуге, спорттық құрылыстардың жiктемесiне сәйкес санаттар беруге; <*>
      1-2) тұрғын аудандарды, әкiмшiлiк ғимараттарды, мектепке дейінгi мекемелер мен оқу орындарын қолданылып жүрген қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорттық құрылыстармен қамтамасыз етудiң нормативтерiн әзiрлеуге; <*>
      2) өз құзыретi шегiнде туризм, дене тәрбиесi және спорт саласында халықаралық шарттарды әзiрлеуге, жасасуға және орындауға халықаралық спорттық және туристік ұйымдарда Қазақстанды бiлдiруге және халықаралық спорттық және туристiк іс-шараларға қатысуға; <*>
      2-1) спорттық және туристiк нышандарды (эмблемаларды, жалауларды, вымпельдердi, белгiлердi) әзiрлеуге, бекiтуге және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеуге; <*>
      3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдардың туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы қызметiн үйлестiруге, туристiк және спорттық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуына жауап беретiн облыстық, Астана және Алматы қалалық бөлiмшелерiне әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етуге; 
      4) туризм мен спортты дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысуға, нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге; 
      5) туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерiн және салалардың әлеуметтiк-экономикалық жоспарларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 
      6) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларын бекiтуге және үйлестiруге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқудың басқа да нысаналарын және туризм, спорт және дене шынықтыру жөнiндегi мамандармен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыруға; 
      7) халықаралық, республикалық және аймақаралық туристiк iс-шаралар, спорттық жарыстар мен жиындар өткiзуге; 
      8) спорт түрлерi бойынша жарыстар өткiзу ережелерiн және нұсқаушылық-әдiстемелiк жиындар өткiзу жөнiндегi нұсқаулықтарды, спорт түрлерiнің спорттық бiлiктiлiк ережелерiн, бағдарламалық-әдiстемелік құжаттарды бекiтуге; 
      8-1) спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыруға; <*>
      9) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп, теңгемен және шетел валютасымен:
      материалдық қамтамасыз етуге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды тамақтандыруға, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшiн тәуліктiк шығыстарға;
      спорттық іс-шараларға қатысушыларды көтермелеуге арналған қаражатты жұмсау нормаларын әзiрлеуге және бекітуге; <*>
      10) Олимпиадалық және Азия ойындарына дайындық кезiнде жетекшi спортшылармен және жаттықтырушылармен келісiм-шарттар жасасуға; <*>
      11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеуге және бекiтуге, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласында арнаулы құрметтi атақтарды, спорттық атақтар мен разрядтарды, төрешiлiк санаттарын, дене тәрбиесi мен спорт қызметкерлерiне санаттар беруге; спортшылар мен туристік және спорттық ұйымдардың қызметкерлерін, республикалық спорттық және басқа да ic-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, грамоталармен, сыйлықтармен наградтауға; <*>      
      12) консультациялар мен сараптама жүргiзу үшiн орталық, жергіліктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға; 
      13) туризм, спорт саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды шешу және қызметтi үйлестiру үшiн ведомствоаралық, ғылыми-әдiстемелік және сараптамалық кеңестер, сондай-ақ орталық және жергілiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнен, халықаралықтарын қоса, жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге; 
      14) Агенттiкке ведомостволық бағыныстағы ұйымдарға басшылық жасауға және олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функциясын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен акционерлiк қоғамдар акцияларының пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға; 
      15) Агенттiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      16) Агенттiкке заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.09.19. N 953  қаулысымен.

3. Агенттiктiң мүлкi

      13. Агенттiктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 

      14. Агенттiкке бекiтіліп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 

      15. Агенттiктің өзiне бекiтiліп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ. 
      Агенттiкке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн. 

4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. 
      Агенттiк төрағасының Қазақстан Республикасының Үкiметi Агенттiк төрағасының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 

      17. Төраға Агенттiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi. 

      18. Агенттiк төрағасы осы мақсатта: 
      1) Агенттiктің құрылымын, штат кестесiн, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 
      2) өзінің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;
      3) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық жәрдем беру мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
      6) мемлекеттік мекемелерде, өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Агенттіктің төрағасы жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасы 
                               Үкiметiнің      
1999 жылғы 19 қарашадағы
                                N 1755 қаулысына  
                                  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгi Спорт және дене тәрбиесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 539   қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 17, 183-құжат); 

      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм комитетiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 843  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 28, 273-құжат); 

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтiлген, Үкiметтің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 25-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 40, 343 құжат); 

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1264  қаулысымен  бекiтілген, Үкiметтің кейбiр шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 жыл. N 43, 391-құжат).

                   

      

      

Вопросы Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1755. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г. N 1130 (P041130).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.10.2004 № 1130.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 октября 1999 года № 235 "О мерах по совершенствованию структуры государственных органов Республики Казахстан и уточнению их компетенции" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Положение об Агентстве Республики Казахстан по туризму и спорту (далее - Агентство).

      2. Разрешить Агентству иметь трех заместителей Председателя, в том числе одного первого.

      Сноска. Пункт 2 - с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 13 мая 2000 года N 703 .

      3. Агентству в установленном законодательством порядке в месячный срок внести предложения по приведению ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.

      4. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно прилагаемому перечню.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 ноября 1999 года N 1755

Положение
об Агентстве Республики Казахстан по туризму и спорту
1. Общие положения

      1. Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту (далее - Агентство) является центральным исполнительным органом, не входящим в состав Правительства Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах туризма, спорта и физической культуры, уполномоченным на выполнение в соответствии с законодательством функций государственного управления, контроля и координации. <*>

      Сноска. Пункт 1 в новой редакции - постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2003 года N 953 .

      2. Агентство осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными и правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Агентство является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также, в соответствии с законодательством, счета в банках.

      Агентство вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      Агентство имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      4. Агентство по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке издает приказы, которые имеют обязательную силу на территории Республики Казахстан.

      5. Положение об Агентстве и лимит его штатной численности утверждается Правительством Республики Казахстан.

      6. Юридический адрес Агентства: _____________________

      . Полное наименование Агентства - государственное учреждение "Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту".

      8. Настоящее положение является учредительным документом Агентства.

      9. Финансирование деятельности Агентства осуществляется только из республиканского бюджета.

      Агентству запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Агентства.

      Если Агентству законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

2. Основные задачи, функции и права Агентства

      10. Основными задачами Агентства являются:

      1) участие в формировании и реализация государственной политики в области туризма, спорта и физической культуры;

      2) развитие туризма, спорта и физической культуры в Республике Казахстан, подготовка спортивного резерва и спортсменов международного уровня;

      3) анализ и обобщение практики применения законодательства в области туризма, спорта и физической культуры, разработка предложений по его совершенствованию, участие в подготовке законодательных и иных нормативных правовых актов в областях своей деятельности;

      4) изучение, анализ, прогнозирование и регулирование отечественного рынка туристских услуг;

      5) участие в создании и укреплении материально-технической базы туризма, спорта и физической культуры и развитии их инфраструктуры;

      6) пропаганда туризма, спортивного движения, а также в пределах своей компетенции развитие информационно-рекламного и издательского дела в области туризма, спорта и физической культуры;

      7) организация в пределах своей компетенции подготовки в Республике Казахстан и за рубежом специалистов для туризма, спорта и физической культуры, повышение их квалификации;

      8) проведение туристских мероприятий, соревнований по видам спорта и комплексных мероприятий по Олимпийским, национальным и народным видам спорта и играм.

      11. Агентство в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет следующие функции:

      1) реализует государственную политику в области туризма, спорта и физической культуры, разрабатывает и реализует государственные, перспективные, текущие и целевые программы;

      1-1) осуществляет функции государственного контроля в области туризма, спорта и физической культуры;

      2) вносит предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан по вопросам туризма, спорта и физической культуры, участвует в подготовке проектов и реализации международных и межрегиональных договоров, межправительственных соглашений в области туризма, спорта и физической культуры;

      3) координирует деятельность государственных органов, иных организаций по вопросам своей компетенции, а также взаимодействует с акимами областей, городов Астаны и Алматы по вопросам, касающимся практического решения актуальных проблем туризма, спорта и физической культуры;

      4) участвует в формировании и реализации единой политики по привлечению инвестиций в область туризма, спорта и физической культуры, в том числе для развития производства туристской и спортивной продукции;

      5) организует и координирует научные исследования в области спорта, физической культуры и внедряет их результаты в практику спорта и физической культуры;

      6) в пределах своей компетенции осуществляет международные, межрегиональные и внутренние туристские и спортивные связи;

      7) в пределах своей компетенции заключает контракты с руководителями подведомственных организаций, специалистами, ведущими тренерами и спортсменами;

      7-1) организует подготовку, переподготовку, повышение квалификации кадров и определяет порядок аттестации кадров в области туризма, физической культуры и спорта;

      8) обеспечивает подготовку и проведение республиканских выставок туристских товаров и услуг, спортивных товаров, а также в пределах своей компетенции осуществляет информационно-издательскую и рекламную деятельность;

      9) осуществляет организационное и методическое руководство государственными спортивными организациями;

      10) координирует деятельность подведомственных организаций по вопросам развития туризма, спорта и физической культуры;

      11) координирует планы спортивных мероприятий, организуемых совместно с другими государственными органами и общественными организациями, разрабатывает единые календарные планы спортивных мероприятий, соревнований;

      11-1) согласовывает проведение спортивных мероприятий, в том числе международных, организуемых общественными объединениями по физической культуре и спорту;

      12) осуществляет контроль за проведением туристских, спортивных мероприятий, соревнований, финансируемых из республиканского бюджета;

      12-1) координирует деятельность по производству спортивного инвентаря и оборудования, строительству спортивных сооружений;

      12-2) в пределах своей компетенции осуществляет контроль за соблюдением правил эксплуатации и технического обслуживания спортивных и туристских объектов, за соблюдением норм пропускной способности спортивных сооружений, за приемкой в эксплуатацию спортивных сооружений и составлением актов готовности к проведению учебно-тренировочных занятий и спортивно-зрелищных мероприятий;

      13) организует и осуществляет подготовку сборных команд Республики Казахстан по видам спорта и обеспечивает их участие в чемпионатах стран Содружества Независимых Государств, мира, Азии, Европы, Азиатских, Олимпийских и Паралимпийских играх, Кубках мира и Азии, других международных соревнованиях;

      13-1) осуществляет за счет государственных средств разовое страхование при подготовке и участии членов национальных сборных команд Республики Казахстан по видам спорта в официальных международных соревнованиях;

      13-2) осуществляет за счет государственных средств компенсационные выплаты членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта при получении ими травм и увечий на республиканских соревнованиях;

      13-3) определяет порядок применения государственных символов Республики Казахстан при проведении спортивных соревнований, выдает разрешение на использование наименования "Сборная команда Республики Казахстан" при оформлении спортивных костюмов и других спортивных принадлежностей;

      14) совместно с заинтересованными органами и общественными организациями проводит работу по подготовке спортивного резерва, координирует развитие сети спортивных клубов, школ и сооружений, центров олимпийской подготовки, а также организацию в них учебно-тренировочного процесса и допинг-контроля;

      15) осуществляет ведомственную статистическую отчетность, анализирует статистические данные по основным показателям туристской деятельности, спорта и физической культуры и представляет итоговые материалы в государственные органы статистики;

      15-1) осуществляет лицензирование туристской агентской деятельности, туристской операторской деятельности, экскурсионной деятельности, услуг инструктора туризма;

      15-2) осуществляет лицензирование деятельности по оказанию физкультурно-оздоровительных и спортивных услуг, аккредитацию республиканских общественных объединений, осуществляющих деятельность по физической культуре и спорту;

      15-3) совместно с уполномоченным органом по стандартизации, метрологии и сертификации участвует в сертификации и стандартизации в области туризма, спорта и физической культуры;

      15-4) совместно с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в области охраны здоровья граждан, развивает спортивную медицину;

      16) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 февраля 2000 г. N 179 ; от 14 сентября 2001 г. N 1213 ; от 19 сентября 2003 года N 953 .

      12. В целях реализации основных задач и осуществления своих функций Агентство имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) разрабатывать и утверждать в пределах своей компетенции правила, положения, инструкции, регламенты и иные нормативные правовые акты по вопросам туризма, спорта и физической культуры;

      1-1) устанавливать требования по эксплуатации туристских и спортивных сооружений, нормативы их оснащения и правила техники безопасности при проведении туристских, спортивных мероприятий, учебно-тренировочного процесса и спортивных сборов, присваивать категории в соответствии с классификацией спортивных сооружений;

      1-2) разрабатывать нормативы обеспеченности жилых районов, административных зданий, дошкольных учреждений и учебных заведений спортивными сооружениями на основе действующих градостроительных норм;

      2) в пределах своей компетенции разрабатывать, заключать и исполнять международные договоры в области туризма, физической культуры и спорта, представлять Казахстан в международных спортивных и туристских организациях и участвовать в международных спортивных и туристских мероприятиях;

      2-1) разрабатывать, утверждать спортивную и туристскую символику (эмблемы, флаги, вымпелы, значки) и определять порядок их использования;

      3) в пределах своей компетенции координировать деятельность государственных органов в области туризма, спорта и физической культуры, осуществлять взаимодействие с туристскими и спортивными организациями, обеспечивать методическое руководство областными и городов Астаны и Алматы подразделениями, отвечающими за реализацию государственной политики в области туризма, спорта и физической культуры;

      4) участвовать в разработке и реализации программ развития туризма и спорта, вносить предложения по распределению средств республиканского бюджета, выделяемых на целевые программы и проекты; обеспечивать их целевое использование;

      5) участвовать в разработке проектов нормативных правовых актов, регулирующих вопросы туризма, спорта и физической культуры и планов социально-экономического развития отраслей;

      6) утверждать и координировать программы подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров, организовывать симпозиумы, конференции, семинары, другие формы обучения и обмена опытом со специалистами по туризму, спорту и физической культуре;

      7) проводить международные, республиканские и межрегиональные туристские мероприятия, спортивные соревнования и сборы;

      8) утверждать правила проведения соревнований по видам спорта и инструкции по проведению инструктивно-методических сборов, спортивную классификацию по видам спорта, программно-методические документы;

      8-1) осуществлять контроль за проведением антидопинговых мероприятий в спорте;

      9) разрабатывать и утверждать совместно с уполномоченным органом по бюджетному планированию нормы расходования средств в тенге и иностранной валюте на:

      материальное обеспечение, в том числе на питание спортсменов, зачисленных в штатные национальные команды Республики Казахстан, обеспечение фармакологическими восстановительными средствами спортсменов, суточные расходы для участников Олимпийских, Паралимпийских, Азиатских, Восточно-Азиатских игр и других международных соревнований;

      поощрение участников спортивных мероприятий;

      10) заключать контракты с ведущими спортсменами и тренерами при подготовке к Олимпийским и Азиатским играм;

      11) разрабатывать и утверждать отраслевую систему поощрения, присваивать специальные почетные звания в области туризма, спорта и физической культуры, спортивные звания и разряды, судейские категории, категории работникам физической культуры и спорта; награждать медалями, знаками, дипломами, грамотами, призами спортсменов и работников туристских и спортивных организаций, победителей и призеров республиканских спортивных и других мероприятий;

      12) привлекать для проведения консультаций и экспертиз специалистов центральных, местных исполнительных органов, других организаций;

      13) вносить предложения по созданию межведомственных, научно-методических и экспертных советов, а также рабочих групп из представителей центральных и местных исполнительных органов, других организаций, включая международные, по согласованию с ними, для решения наиболее важных проблем в области туризма, спорта и координации деятельности;

      14) осуществлять руководство подведомственными Агентству государственными организациями и утверждать их уставы, осуществлять в отношении них функции субъекта права государственной собственности, а также по решению Правительства Республики Казахстан осуществлять владение и пользование государственными пакетами акций акционерных обществ;

      15) вносить предложения по созданию, реорганизации и ликвидации подведомственных Агентству организаций;

      16) осуществлять иные права, возложенные на Агентство законодательством. <*>

      Сноска. Пункт 12 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2003 года N 953 .

3. Имущество Агентства

      13. Агентство имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.

      14. Имущество, закрепленное за Агентством, относится к республиканской собственности.

      15. Агенство не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом.

      Агентству может быть предоставлено право распоряжения имуществом в случаях и пределах, установленных законодательством.

4. Организация деятельности Агентства

      16. Агентство возглавляет Председатель, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан.

      Председатель Агентства имеет заместителей, назначаемых на должность и освобождаемых от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Председателя.

      17. Председатель организует и руководит работой Агентства, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Агентство задач и осуществление им своих функций.

      18. В этих целях Председатель Агентства:

      1) утверждает структуру, штатное расписание Агентства, а также Положения о структурных подразделениях Агентства;

      2) определяет полномочия и обязанности своих заместителей и руководителей структурных подразделений Агентства;

      3) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Агентства;

      4) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи и налагает дисциплинарное взыскание на работников Агентства;

      5) подписывает приказы Агентства;

      6) представляет Агентство в государственных учреждениях, иных организациях;

      7) назначает и освобождает от должностей руководителей подведомственных организаций;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      19. При Председателе Агентства образуется коллегия, являющаяся консультативно-совещательным органом. Численный и персональный состав коллегии утверждается Председателем Агентства.

5. Реорганизация и ликвидация Агентства

      20. Реорганизация и ликвидация Агентства осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 19 ноября 1999 года N 1755

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года N 539 "Вопросы Комитета спорта и физической культуры Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 17, ст. 183).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 1999 года N 843 "Вопросы Комитета туризма Министерства транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 28, ст. 273).

      3. Пункт 25 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 августа 1999 года N 1093 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 40, ст. 343).

      4. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 1999 года N 1264 "О реорганизации учреждений Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 43, ст. 391).