Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Туризм комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 маусым N 843. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1755 қаулысымен. ~P991755

      "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 P990355_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Туризм комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм

министрлігі Туризм комитетінің құрылымы бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 сәуірдегі 
N 2201 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  

P951894_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     аталған қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің 
түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың 
(лицензиарлардың) тізбесінде:
     реттік нөмірі 28-жолдағы:
     "Қазақстан Республикасы Білім     Алматы қ. аумағында жүзеге
     және мәдениет министрлігінің      асырылатын қызметтен басқа
     туризм және спорт департаменті    туристік қызмет"
     деген сөздер алынып тасталсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 843 қаулысымен Бекітілген


      Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және
       туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi туралы
                        Ереже

                   Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң құзыретi шегiнде туризм саласындағы арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiлдiруге құқылы.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi Мемлекеттік мекемесі.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылы Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiн ұстауға арналған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      Егер Комитетке заң актілерiмен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқықтар берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады.

       Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      2) өз қызметiнiң саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорыту оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу туризм саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердi әзiрлеуге қатысу;
      3) туризм саласындағы отандық қызмет көрсету рыногын зерделеу, талдау және болжау;
      4) туризмнiң материалдық-техникалық базасын құруға қатысу және дамыту;
      5) туризм саласында мамандарды даярлауға қатысу, олардың iскерлiк біліктiлiгiн арттыру;
      6) мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып туризм саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) туризмдi дамыту жөнiндегі мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын іске асырады, туризм саласында перспективалық, күнделiктi және нысаналы бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      2) туризм саласына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiреді;
      3) туризм инфрақұрылымын құру туристiк өнiмдердi өндiру үшiн инвестицияларды тартуда бiрыңғай стратегияны қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      4) Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк байланыстарды жүзеге асырады;
      5) Республиканың туризм мәселелерi жөнiндегi заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асырады, туризм саласындағы халықаралық және аймақаралық шарттардың, үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      6) туристiк тауарлар мен қызмет көрсетулердiң республикалық көрмелерiн дайындауды және өткiзудi жүзеге асырады, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысатын туристiк ұйымдарды айқындайды;
      7) туристерге қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлейдi;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң мынадай құқықтары болады:
      1) нормативтiк құқықтық актiлер шығару
      2) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпарат сұрату және алу;
      3) көпжақты халықаралық туристiк байланыстарды дамытуға қатысу;
      4) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризм саласындағы қызметін үйлестiру;
      5) туризмдi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу жөнiнде ұсыныстар енгiзу, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылауға қатысу;
      6) кадрларды қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың, олардың

қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бағдарламаларын бекiту және
үйлестiру, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, басқадай оқу
түрлерiн және туризм жөнiндегi мамандармен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру;
     7) халықаралық, аймақаралық және республикалық туристiк iс-шаралар 
өткiзу;
     8) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
     
                      Комитеттiң мүлкi
     
     13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
     14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға
немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектеуде мүлiкке 
билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
     
               Комитеттiң қызметін ұйымдастыру
     


      16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
      18. Осы мақсаттарда Төраға:
      1) өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттiң барлық қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      5) бекiтiлген штат санының лимитiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      7) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

                Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                  Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 843 қаулысымен бекітілген

     Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар
        және туризм министрлігі Туризм комитетінің
                     Құрылымы


     Басшылық
     Туризмді дамыту басқармасы
     Туризмді ұйымдастыру басқармасы


   Оқығандар:     
   Қобдалиева Н.
   Орынбекова Д.       


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады