"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 P990247_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2000 жылғы 6 маусымдағы
N 86-өкіміне қосымша
Премьер-Министрдің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 16 маусымдағы N 110 өкімі;|
2. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 190 өкімі;
3. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 226 R980226_ өкімі;
4. "Жерасты тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайы аса зиянды әрі ауыр жұмыстарда қажетті стаж жинақтаған, бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін жасқа жетпеген азаматтардың мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 11 желтоқсандағы N 239 R980239_ өкімі;
5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдарының жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 30 қаңтардағы N 7а өкімі;
6. "Жамбыл облысының фосфор ішкі саласы кәсіпорындары "Суперфосфат зауыты" АҚ, "Өнеркәсіпкөлік" АҚ, "Нодфос" АҚ және "Қаратау" АҚ жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі Үкімет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 18 мамырдағы N 66 R990066_ өкімі.