Жамбыл облысында қалыптасқан ауыр әлеуметтік жағдайға байланысты:
1. Мына құрамда Үкімет комиссиясы құрылсын:
Ауанов Мырзахмет - Қазақстан Республикасының Еңбек
Қожахметұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, жетекші
Әбілғазин Данияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің
төрағасы, жетекшінің орынбасары
Шыналиев Ғазиз - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қоршабекұлы Министрінің Кеңсесі Қаржы-
экономикалық сараптама бөлімінің
консультанты
Қарымбаев Бақтыгерей - Қазақстан Республикасының
Мүтіғұлұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі Өнеркәсіп
департаментінің бөлім бастығы
Махметов Серік - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сейдінұлы министрлігі Мемлекетті мүлік және
жекешелендіру департаментінің бас маманы
2. Үкімет комиссиясы:
1) бір апта мерзімде "Суферфосфат зауыты" АҚ, "Өнеркәсіпкөлік" АҚ, "Нодфос" АҚ және "Қаратау" АҚ жай-күйіне тексеру жүргізсін;
2) көрсетілген акционерлік қоғамдармен бірлесіп кәсіби науқас адамдарға, еңбек жарақаттары және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын адамдарға залалды өтеуді төлеу жөніндегі берешектерді өтеудің кестесін жасасын.
3. Тексерудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметіне көрсетілген акционерлік қоғамдардың кәсіби науқас адамдарға,
еңбек жарақаттары және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын
адамдарға залалды өтеуді төлеу жөніндегі берешектерді өтеуі жөніндегі
ұсыныстың жобасын енгізсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.