Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 6 маусым N 86-ө

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247   P990247_   қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрінің
                                       2000 жылғы 6 маусымдағы
                                         N 86-өкіміне қосымша

        Премьер-Министрдің күші жойылған кейбір 
                шешімдерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 16  маусымдағы N 110 өкімі;|
      2. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 190 өкімі; 
      3. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 226  R980226_ өкімі; 
      4. "Жерасты тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайы аса зиянды әрі ауыр жұмыстарда қажетті стаж жинақтаған, бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін жасқа жетпеген азаматтардың мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 11 желтоқсандағы N 239  R980239_ өкімі; 
      5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдарының жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 30 қаңтардағы N 7а өкімі;
      6. "Жамбыл облысының фосфор ішкі саласы кәсіпорындары "Суперфосфат зауыты" АҚ, "Өнеркәсіпкөлік" АҚ, "Нодфос" АҚ және "Қаратау" АҚ жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі Үкімет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 18 мамырдағы N 66   R990066_   өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады