Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 213-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө  өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесінде:

      атауындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 1-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қыркүйек";

      реттік нөмірі 2-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 5-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы тамыз";

      реттік нөмірі 6-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қыркүйек";

      реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

      реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

"9  Қазақстан Республикасы      Қазақстан      2004 жылғы      ИСМ
    Үкіметінің 2002 жылғы      Республикасы     қыркүйек
    12 қыркүйектегі  N 996        Үкіметінің
    және 2002 жылғы              қаулысы
    18 қарашадағы  N 1220
    қаулыларына өзгерістер
    мен толықтырулар енгізу
    туралы                                                      ".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады