"Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтіру қаупiмен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 234-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi екi ай мерзiмде "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеу тәртібiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметіне қарауға енгiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы мен өзге де мемлекеттiк органдары (келісiм бойынша) екi ай мерзiмде "Қызметі үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады