1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде мүлiктi жария етудiң жүргiзiлуін қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 13 шiлдедегi
N 200-ө өкiмiмен
бекiтiлген
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
P/c
|
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
Әдiлетминi
|
2006 жылғы шілде |
2 |
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы |
Қазақстан
|
Әдiлетминi
|
2006 жылғы шілде |
3 |
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
ИСМ (жинақтау)
|
2006 жылғы шілде |
4 |
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан
|
ЖРА (жинақтау)
|
2006 жылғы шілде |
5 |
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ |
2006 жылғы шілде |
6 |
Салық органдарында мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы |
Қазақстан
|
Қаржымині |
2006 жылғы шілде |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi.