"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 200-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      3. Жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде мүлiктi жария етудiң жүргiзiлуін қамтамасыз етсін.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                           2006 жылғы 13 шiлдедегi
                                             N 200-ө өкiмiмен
                                                    бекiтiлген

     "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"
     Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
   қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

P/c
N

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

          2

    3

     4

5

1

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан  Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Әдiлетминi
(жинақтау) ИСМ Қаржыминi
ЖРА

2006 жылғы шілде

2

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Әдiлетминi
(жинақтау) ИСМ Қаржыминi
ЖРА

2006 жылғы шілде

3

"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ИСМ (жинақтау)
ЖРА

2006 жылғы шілде

4

"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ЖРА (жинақтау)
ИСМ

2006 жылғы шілде

5

"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ЭБЖМ

2006 жылғы шілде

6

Салық органдарында мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2006 жылғы шілде

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады