Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 390-ө Өкімімен.
1. Қолданыстағы заңнамаға Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін талдау мен зерделеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар
вице-министрі, жетекші
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрі
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі
Ерғожин - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дәулет Еділұлы министрлігінің Салық комитеті
мамандандырылған бөлімінің бастығы
Сартбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы Төрағасының орынбасары
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 ақпанға дейін қолданыстағы заңнамаға Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.