Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 342-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 390-ө Өкімімен.

       Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы  N 390-ө  Өкімімен.

      1. Қолданыстағы заңнамаға Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін талдау мен зерделеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы                және минералдық ресурстар
                             вице-министрі, жетекші

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы             және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Баталов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы               және сауда вице-министрі

Құсдәулетов                - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы               вице-министрі

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дәулет Еділұлы               министрлігінің Салық комитеті
                             мамандандырылған бөлімінің бастығы

Сартбаев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы              Төрағасының орынбасары

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 ақпанға дейін қолданыстағы заңнамаға Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен жұмыс тобының құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажетті ақпараттарды сұрату құқығы берілсін.

      4. Жұмыс тобының қызметін бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б.С. Ізмұхамбетовке жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады