Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 390-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1)»"Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде өндірілетін күкіртті өндіру, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 200-ө  өкіміне :
      жұмыс тобының кұрамына:
Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы       минералдық ресурстар министрі, жетекші
                          енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы шығарылсын;

      2) "Солтүстік Каспий жобасын іске асыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 208-ө  өкіміне :
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы         және минералдық ресурстар министрі,
                            жетекшінің орынбасары
 
Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы            және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қонақаев                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саяхат Алпысұлы             минералдық ресурстар министрлігі Жер
                            қойнауын пайдаланудағы тікелей
                            инвестициялар департаментінің
                            директоры, хатшы;

      көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Супрун Виктор Васильевич, Ноғаев Нұрлан Асқарұлы шығарылсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың проблемалары мен перспективаларына кешенді талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 208-ө  өкімі ;
      2) "Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының имплементациясы бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 342-ө  өкімі .

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады