Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 46-ө Өкімі

      1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын:

Шөкеев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы       Министрінің орынбасары, жетекші

Мыңбаев              - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы    Энергетика және минералдық
                       ресурстар министрі, жетекшінің
                       орынбасары

Дауылбаев            - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы      прокурорының орынбасары (келісім
                       бойынша), жетекшінің орынбасары

Баталов              - Қазақстан Республикасы Энергетика
Асқар Болатұлы         және минералдық ресурстар
                       министрлігінің жауапты хатшысы,
                       хатшы

Ысқақов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы      ортаны қорғау министрі

Мамытбеков           - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы     Министрінің Кеңсесі Басшысының
                       орынбасары

Әблезов              - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қарыбай Тілеубергенұлы және сауда вице-министрі

Райымбеков           - Қазақстан Республикасы Жер
Каналбек Өтжанұлы      ресурстарын басқару агенттігі
                       төрағасының орынбасары

Өжкенов              - Қазақстан Республикасы Энергетика
Болат Сұлтанұлы        және минералдық ресурстар
                       министрлігі Геология және жер
                       қойнауын пайдалану комитетінің
                       төрағасы

Рахметов             - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы      министрлігі Салық комитетінің
                       төрағасы

Қонақаев             - Қазақстан Республикасы Энергетика
Саяхат Алпысұлы        және минералдық ресурстар
                       министрлігі Жер қойнауын
                       пайдаланудағы тікелей инвестициялар
                       департаментінің директоры

Шынәлиев             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы      Министрі Кеңсесінің Индустриалдық-
                       инновациялық даму бөлімі
                       меңгерушісінің орынбасары

Мейрамов             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Есенгелді Әкімұлы      Министрі Кеңсесінің Индустриалдық-
                       инновациялық даму бөлімі
                       минералдық-шикізат кешені секторының
                       меңгерушісі

      2. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып белгіленсін.
      3. Жұмыс тобы үш ай мерзімде жер қойнауын пайдаланушылардың бұрын жасалған келісім-шарттардың ережелерін сақтау мәселелерін қарасын және жер қойнауын пайдалану саласында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне берсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады