1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы
Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
N 35-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009
жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындалуына жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы наурыз |
2. |
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині |
2009 жылғы наурыз |
3. |
Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ДСМ |
2009 жылғы наурыз |
4. |
Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ДСМ |
2009 жылғы наурыз |
5. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы наурыз |
6. |
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині |
2009 жылғы наурыз |
7. |
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2009 жылғы наурыз |
8. |
Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарына паспорттар беруді жүргізу ережесін және паспорттың нысанын бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2009 жылғы наурыз |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі